РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 140 "Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3772 тіркелген, 2014 жылғы 4 және 13 ақпандағы "Ойыл" газетінің № 5-6 жарияланған) мынадай өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:
1) 7 тармақта:
10 абзацта:
"азаматтарға." деген сөз "азаматтарға;" деген сөзбен ауыстырылсын;
және мынадай мазмұндағы 11 абзацпен толықтырылсын:
үйден оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға.
2) 8 тармақта:
"төртеселік" деген сөз "бір еселік" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: | Ж. Жақып |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: | Б. Бисекенов |