Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 86 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 наурызда № 5371 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ойыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы:
Б. Бисекенов

  Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 13 наурыздағы № 86 шешіміне қосымша

Ойыл аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің ТІЗБЕСІ

      1. Ойыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 113 "Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-57 болып тіркелген, 2009 жылдың 12 наурызында аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);
      2. Ойыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 шілдедегі № 148 "29 қаңтар 2009 жылғы № 113 "Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-67 болып тіркелген, 2009 жылдың 10 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);
      3. Ойыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 шілдедегі № 144 "Салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасы (схемасы) және жер салығының базалық ставкаларының түзету коэффициенттері туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-68 болып тіркелген, 2009 жылдың 10 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);
      4. Ойыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 шілдедегі № 110 "Ойыл ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3642 болып тіркелген, 2013 жылдың 12 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);
      5. Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 148 "Ойыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 шілдедегі № 110 "Ойыл ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3823 болып тіркелген, 2014 жылдың 17 сәуірдегі аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);
      6. Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 тамыздағы № 254 "Ойыл ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" 2013 жылғы 31 шілдедегі № 110 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4479 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);
      7. Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 149 "Ойыл аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3832 болып тіркелген, 2014 жылдың 10 сәуірінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);
      8. Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 тамыздағы № 191 "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 140 "Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4017 болып тіркелген, 2014 жылдың 9 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);
      9. Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 тамыздағы № 255 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 156 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4480 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);
      10. Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 282 "Ойыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4722 болып тіркелген, 2016 жылдың 25 ақпанында аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады