РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 2 маусымдағы № ВО 3-4/132 ұсынысы негізінде, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ойыл ауылдық округінің Сегізсай қыстағындағы "Сегізсай" өндірістік кооперативінің аумағына, мүйізді ірі қара малдары арасынан құтырық ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл ауылдық округі әкімінің м.а | С. Нугыманов |