Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конститутциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конститутциялық Заңына сәйкес, Ақтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Ақтоғай селолық округі әкімінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 5 «Елді мекендерге көше атауын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-110 тіркелген, 2009 жылдың 17 маусымында аудандық «Шалқар» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысы» деген сөздер алынып тасталынсын.
шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөзі «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.
2.
Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Ақтоғай ауылдық округінің әкімі |
Е. Құрмаш |