Елді мекендерге көше атауын беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 5 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 5 маусымда N 3-13-110 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің әкімінің 08.12.2014 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 14.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, 16-бабына, сәйкес Ақтоғай ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің әкімінің 08.12.2014 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Ақтоғай ауылдық округі әкімшілігіне қарасты елді мекендердің көшелеріне төмендегідей ат берілсін.
      1) Қотыртас елді мекені бойынша: Наурыз көшесі, Саябақ көшесі, Бейбітшілік көшесі, Казарма көшесі, Желтоқсан көшесі, Мектеп көшесі, Теміржолшылар көшесі.
      2) Қауылжыр елді мекені бойынша: Ақжар көшесі.
      3) Қорғанжар елді мекені бойынша: Достық көшесі.
      2. Осы шешім Әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтоғай ауылдық округі әкімі: Е. Құрмаш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады