1. Кішіқұм ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 5 «Елді мекендерге көше атауын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-90 болып тіркелген, 2009 жылдың 5 қаңтарында аудандық «Шалқар» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысы» деген сөздер алынып тасталынсын.
шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «селолық», «селосы» сөздері тиісінше «ауылдық», «ауылы» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кішіқұм ауылдық округінің әкімі | К. Казбеков |