РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округінің әкімінің 10.12.2014 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің 05.04.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, 16 бабына, сәйкес Кішіқұм ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округінің әкімінің 10.12.2014 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.01.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.1. Кішіқұм ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
1) Шілікті ауылы бойынша:
"Толағай", "Теректі", "Сартепсең", "Қоңыртөбе", "Сарөзек", "Жалаулы", "Достық", "Меңдікөл", "Мұрынқұм", "Сарбұлақ", "Бейбітшілік", "Теміржолшылар", "Шілікті" көшелері;
2) Қарашоқат станциясы бойынша:
"Кішіқұм", "Жеңіс", "Теміржолшылар", "Достық" көшелері;
3) Ақеспе станциясы бойынша:
"Отан" көшесі;
4) Шоқысу станциясы бойынша:
"Теміржолшылар", "Толағай", "Сарбұлақ", "Жастар" көшелері.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің 19.01.2021 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім ресми алғаш жариялағаннан кейін 10 күн тізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кішіқұм ауылдық округ әкімі: | Қ. Сарсембай. |