РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Лепесов Сері Болысбайұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі | Т. Қайнарбеков |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Текелі қаласының білім бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Игембаева Зухра Кантаевна |
Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Елді пунктінің атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (тенге) | ||
Текелі қаласы | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын- орталықтар | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын- орталықтар |
180-340 | 45-45 | 15000-16209 | 12390-13140 |
кестенің жалғасы
Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (тенге) | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны теңге | ||
Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын -орталықтар | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын -орталықтар |
7000-7000 | 5500-5500 | 15000-16209 | 12417-13242 |