Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 06.12.2017 № 363 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін .
2. "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Игембаева Зухра Қантайқызы заңмен белгіленген тәртіп бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысының орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Текелі қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 12 мамырдағы "Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 20 маусымында № 2757 болып тіркелген, "Текелі тынысы" газетінде 2014 жылдың 24 сәуірінде № 17 (3228) жарияланған) №118 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Игембаева Зухра Қантайқызына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Текелі қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлына жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі | Т. Қайнарбеков |
Текелі қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын , жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
| Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық оргаласуы ( қала) | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі (мың теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (тенге) | Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (тенге) |
1 | "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 1 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
40 | 7405 |
15427 | 8000 |
2 | "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 2 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 7903 | 16465 | 8000 |
3 | "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 3 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
180 | 37390 |
17310 | 8000 |
4 | "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 4 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 120 | 27853 | 19342 | 8000 |
| "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 1 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
30 | 5180 |
14389 | 6500 |
6 | "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
15 | 2677 | 14872 | 6500 |
7 | "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 2 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 15 | 1006 | 16766 | 6500 |
8 | "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 15 | 1006 | 16766 |
6500 |
9 | "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 7 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 15 | 1006 | 16766 | 6500 |
10 | Жеке кәсіпкер "Ержанов" балабақшасы | 65 | 9438 | 12100 | 14000 |
Текелі қаласы бойынша | 535 | 100864 | 15711 | 7727 |