Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Жансүгіров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жансүгіров поселкелік округі әкімінің 2009 жылғы 26 қарашадағы "Жансүгіров поселкесіндегі атауы жоқ көшеге Есенқұл Маманұлы атындағы көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 20 желтоқсанында № 2-4-96 тіркелген, "Ақсу өңірі" газеттінде 2010 жылдың 22 қаңтардағы № 3 (9305) жарияланған) № 2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің атауында және бүкіл мәтіні бойынша "поселкесіндегі" сөздері "ауылындағы" сөздерімен, "поселкелік округінің" сөздері "ауылдық округінің" сөздерімен ауыстырылсын;
аталған шешімнің кіріспесіндегі "4-тармағына" сөздері "4) тармақшасына" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жансүгіров ауылдық округінің бас маманы Шоқпаров Нурлан Нурхановичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Б. Шарипов |