Жансүгіров поселкелік округі әкімінің 2009 жылғы 26 қарашадағы "Жансүгіров поселкесіндегі атауы жоқ көшеге Есенқұл Маманұлы атындағы көше атауын беру туралы" № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 2 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 ақпанда № 3022 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Жансүгіров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жансүгіров поселкелік округі әкімінің 2009 жылғы 26 қарашадағы "Жансүгіров поселкесіндегі атауы жоқ көшеге Есенқұл Маманұлы атындағы көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 20 желтоқсанында № 2-4-96 тіркелген, "Ақсу өңірі" газеттінде 2010 жылдың 22 қаңтардағы № 3 (9305) жарияланған) № 2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің атауында және бүкіл мәтіні бойынша "поселкесіндегі" сөздері "ауылындағы" сөздерімен, "поселкелік округінің" сөздері "ауылдық округінің" сөздерімен ауыстырылсын;
      аталған шешімнің кіріспесіндегі "4-тармағына" сөздері "4) тармақшасына" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жансүгіров ауылдық округінің бас маманы Шоқпаров Нурлан Нурхановичке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі Б. Шарипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады