Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша «поселкесіндегі» деген сөздер «ауылындағы» деген сөздерімен, "поселкелік округінің" денег сөздер "ауылдық округінің" деген сөздерімен ауыстырылды – Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылдық округі әкімінің 26.12.2014 № 2 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік аумақтық құрылыс туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Жансүгіров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Шешімнің кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылдық округі әкімінің 26.12.2014 № 2 шешімімен.
1. Жансүгіров ауылындағы аты жоқ көшеге Есенқұл Маманұлы атындағы көше атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Жансүгіров ауылдық округінің бас маман іс-жүргізушісі Есенов Есқали Молдағалиұлына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Округ әкімі: М. Адамбеков