2014 жылға субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 252 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 қазанда № 2344 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Жолдасбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Облыс әкімі                                      К. Көкрекбаев

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
29.09.2014 жыл

       Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 252 қаулысына қосымша

2014 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидия нормалары (1 гектарға) 

Басым ауыл шаруашылығы дақылдары

1 гектарға (тонна) бюджеттік субсидия нормалары, теңге

1

Дәнді масақты дақылдар, оның ішінде:



жаздық арпа

1 500


күздік бидай

400

2

Дәндік жүгері

16 000

3

Дәндік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы

60 000

4

Сүрлемдік жүгері және сүрлемдік күнбағыс

6 000

5

Таза егілген бір жылдық және көп жылдық шөп

5 000

6

Суармалы түрде көп жылдық шөптерді, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы көп жылдық бұршақты шөптерді және шабындық және (немесе) жайлымдық жерге шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін егілген көп жылдық шөптерді өсіргенде

5 000

7

2, 3 жылғы көп жылдық шөп

800

8

Қант қызылшасы 1 гектарға

30 000

9

Қант қызылшасы 1 тоннаға

1 500

10

Ашық топырақтағы көкөніс-бақша дақылдары

5 000

11

Көкөніс-бақша дақылдары, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолану арқылы

90 000

12

Қорғалған топырақтағы көкөніс (фермерлік үлгідегі жылыжай) *

3 700 000

13

Қорғалған топырақтағы көкөніс (өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай) *

4 000 000

14

Картоп

15 000

15

Қытай бұршағы

15 000

16

Қытай бұршағы, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы

60 000

17

Майлы дақылдар, қытай бұршағын қоспағанда

5 000

18

Қант қызылшасы, ашық топырақта өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы

50 000

19

Қант қызылшасы 1 тонаға, ашық топырақта өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы

1 250

* 1 дақыл айналым нормалары

О некоторых вопросах субсидирования на 2014 год

Постановление акимата Жамбылской области от 22 сентября 2014 года № 252. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 9 октября 2014 года № 2344

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 мая 2014 года № 575 «Об утверждении Правил субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте» акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить перечень приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий (на 1 гектар) на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте на 2014 год, согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Коммунальному государственному учреждению «Управление сельского хозяйства акимата Жамбылской области» в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Жамбылской области.
      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима области Жолдасбаева М.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.
      
      Аким области                                     К. Кокрекбаев

«СОГЛАСОВАНО»
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
Мамытбеков А.
29.09.2014 года 

       Приложение к постановлению
      акимата Жамбылской области
от 22 сентября 2014 года № 252

Перечень приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий (на 1 гектар) на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте на 2014 год 

Приоритетные сельскохозяйственные культуры

Нормы бюджетных субсидий на 1 гектар (тонна), тенге

1

Зерновые колосовые культуры, в том числе:



яровой ячмень

1 500


озимая пшеница

400

2

Кукуруза на зерно

16 000

3

Кукуруза на зерно с применением систем капельного орошения промышленного образца, систем спринклерного орошения промышленного образца

60 000

4

Кукуруза на силос и подсолнечник на силос

6 000

5

Чистый посев однолетних и многолетних трав

5 000

6

При возделывании на поливе многолетних трав, в том числе многолетних бобовых трав первого, второго и третьего годов жизни и многолетних трав, посеянных для залужения и (или) коренного улучшения сенокосных и (или) пастбищных угодий

5 000

7

Многолетние травы 2, 3 годов жизни

800

8

Сахарная свекла на 1 гектар

30 000

9

Сахарная свекла за 1 тонну

1 500

10

Овоще-бахчевые культуры на открытом грунте

5 000

11

Овоще-бахчевые, с применением систем капельного орошения промышленного образца и систем спринклерного орошения промышленного образца

90 000

12

Овощи закрытого грунта (в теплицах фермерского образца)*

3 700 000

13

Овощи закрытого грунта (в теплицах промышленного образца)*

4 000 000

14

Картофель

15 000

15

Соя

15 000

16

Соя, с применением систем капельного орошения промышленного образца, систем спринклерного орошения промышленного образца

60 000

17

Масличные, за исключением сои

5 000

18

Сахарная свекла, с применением систем капельного орошения промышленного образца, систем спринклерного орошения промышленного образца

50 000

19

Сахарная свекла за 1 тонну, с применением систем капельного орошения промышленного образца, систем спринклерного орошения промышленного образца

1 250

* Нормы на 1 культурооборот