«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2.
«Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1)
осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2)
осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3)
осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Жолдасбаевқа жүктелсін.
4.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі К. Көкрекбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
29.09.2014 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 252 қаулысына қосымша
2014 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидия нормалары (1 гектарға)
№ |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдары |
1 гектарға (тонна) бюджеттік субсидия нормалары, теңге |
1 |
Дәнді масақты дақылдар, оның ішінде: |
|
жаздық арпа |
1 500 |
|
күздік бидай |
400 |
|
2 |
Дәндік жүгері |
16 000 |
3 |
Дәндік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы |
60 000 |
4 |
Сүрлемдік жүгері және сүрлемдік күнбағыс |
6 000 |
5 |
Таза егілген бір жылдық және көп жылдық шөп |
5 000 |
6 |
Суармалы түрде көп жылдық шөптерді, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы көп жылдық бұршақты шөптерді және шабындық және (немесе) жайлымдық жерге шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін егілген көп жылдық шөптерді өсіргенде |
5 000 |
7 |
2, 3 жылғы көп жылдық шөп |
800 |
8 |
Қант қызылшасы 1 гектарға |
30 000 |
9 |
Қант қызылшасы 1 тоннаға |
1 500 |
10 |
Ашық топырақтағы көкөніс-бақша дақылдары |
5 000 |
11 |
Көкөніс-бақша дақылдары, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолану арқылы |
90 000 |
12 |
Қорғалған топырақтағы көкөніс (фермерлік үлгідегі жылыжай) * |
3 700 000 |
13 |
Қорғалған топырақтағы көкөніс (өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай) * |
4 000 000 |
14 |
Картоп |
15 000 |
15 |
Қытай бұршағы |
15 000 |
16 |
Қытай бұршағы, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы |
60 000 |
17 |
Майлы дақылдар, қытай бұршағын қоспағанда |
5 000 |
18 |
Қант қызылшасы, ашық топырақта өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы |
50 000 |
19 |
Қант қызылшасы 1 тонаға, ашық топырақта өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы |
1 250 |
* 1 дақыл айналым нормалары