"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім), "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру қағидаларының 50 тармағына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі айқындалсын.
2. "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Баялиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Мәдікенов |
Мойынқұм ауданы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы "21" қарашадағы № 322 қаулысымен бекітілген |
Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі
1. Осы есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленген және аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.2. Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін (тұрғын емес қорын) мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жылдық жалдау ақысы мөлшерлемесінің есептеуі келесі формула бойынша есептеледі:
Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұнда:
Ап – жылына аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың баланстағы мемлекеттік тұрғын емес қордың нысандарын жалға алу ақысының мөлшерлемесі;
Бс – 1 шаршы метрге жалға алу базалық мөлшерлемесі Мойынқұм ауданы аумағында Қазақстан Республикасының тиісті жылға республикалық бюджеті туралы заңымен белгіленген жылына 2,0 айлық есептік көрсеткіш;
S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Кт – құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд – жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Копф – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
Аудандық коммуналдық мүліктің теңгерім ұстаушысы жалдаушымен алып отырған үй-жайлар өлшемдерінің үй-жайлардың өлшемдеріне сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
3. Аудандық коммуналдық мүлік объектілері үшін жалға алу ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:
4. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының есебі осы формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = С х Nam/100 х Кп,
мұнда:
Ап – жылына жабдыққа, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтың қалдық құны;
100 пайыз тозуы есепке алынған жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды жалға алуға (жалдауға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтірілген) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam – Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кп – төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).
Мемлекеттік мекемелерге жабдықтар мен көлік құралдарын беру кезінде – 0,0 мөлшерінде.
5. Мүліктік жалдау бойынша 1 шаршы метрге сағатына төлеу мөлшерлемесі айына жұмыс күндерінің және тәуліктегі жұмыс сағаттарының санына мүліктік жалдау бойынша ай сайынғы төлем мөлшерлемесін математикалық бөлу жолымен анықталады.
С. м. 1 ш. м. = С: 22:8 х Н.к х Н.с. (ай сайынғы құны: 22:8 х нақты күндері х нақты сағаттары), мұнда:
С. м. 1 ш. м. – сағатына 1 ш. м. төлемі бойынша мөлшерлеме;
С – жалдау ақысының ай сайынғы мөлшерлемесі;
22 – 1 айдағы жұмыс күндерінің саны;
8 – күніне жұмыс сағаттарының саны;
Н. к. – нақты жұмыс істеген күндер;
Н. с. – нақты жұмыс істеген сағаттар;
Сағатына 1 шаршы метрге мүліктік жалдау бойынша төлем мөлшерлемесі өтініш берушінің жұмыс кестесін ұсынуына сәйкес мүлік толық емес күнге жалға берілген жағдайларда (спорттық, акт және көрме залдары, оқу аудиториялары) қолданылады.
Білім беру мекемелеріндегі үй жайларды мүліктік жалға алуға (жалдауға) ұсынылған жалдау ақысының есебі оқу жылына жүргізіледі (тиісті жылдың 1 қыркүйегінен бастап 31 мамыры аралығында).
Біржолғы іс-шараларды жүргізу кезінде жалдау ақысының есебін шаршы метр жалдайтын алаңға 100,0 теңгеге көбейту жолымен жүргізсін.
Мүмкіндігі шектеулі жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ 50% және одан аса мүмкіндігі шектеулі жұмыскерлері бар ұйымдарға, есептеген жалдау ақысы 50% азайтылып белгіленсін.