Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының 07.09.2020 № 59-5 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Т. Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Т.Рысқұлов ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 10-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1911 болып тіркелген, 2013 жылы 16 сәуірінде № 32-33 "Құлан таңы – Огни Кулана" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешімнің қосымшасындағы 4-1 тармағындағы келесі сөздер алып тасталсын:
сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге жеткiзушi ұсынған шот бойынша.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және бірінші ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Ш. Мырзалиев | Ш. Мырзалиев |