Т.Рысқұлов ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 10-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 сәуірде № 1911 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 59-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының 07.09.2020 № 59-5 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 10.10.2013 № 10-8 (жарияланғаннан кейін он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
      "табысы аз отбасылары" деген сөздер "аз қамтылған отбасылары" деген сөздермен ауыстырылды - Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 10.10.2013 № 10-8 (жарияланғаннан кейін он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Қоса берiлiп отырған Т.Рысқұлов ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Жантақбаев Бағдат Болатұлына жүктелсін.

      3. Аудандық мәслихаттың 2010 жылдың 24 желтоқсанындағы "Т.Рысқұлов ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерін бекiту туралы" № 30-8 шешімінің (Нормативтік қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-8-119 болып тіркелген, 2011 жылдың 29 қаңтарындағы № 11 (6637) "Құлан таңы" газетінде жарияланған) күші жойылсын.

      4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      А. Қораласбаев Б. Шамаев

  Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 10-6 шешімімен бекітілген

Т.Рысқұлов ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Т.Рысқұлов ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары (әрi қарай - Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына (әрi қарай - Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесi) сәйкес әзiрленген.

      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет есебiнен Т.Рысқұлов ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) беріледі.

      Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.

      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау уәкiлеттi органмен – "Т. Рысқұлов ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiмен жүзеге асырылады.

      4. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстар төлеміне коммуналдық қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Отбасының шекті жол берілетін шығыстардың үлесi отбасының жиынтық табысының 5 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасының жиынтық табысы атаулы әлеуметтік көмек туралы заңнамасымен айқындалған тәртіпте есептеледі.

      4-1. Т.Рысқұлов ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге жеткiзушi ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.

      Ескерту. 4-1 тармақшаға өзгерістер енгізілді - Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 10.10.2013 № 10-8; 28.03.2014 № 23-10 (жарияланғаннан кейін он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      5. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

      Мүгедектердi, магистратураны қоса алғанда, күндiзгi оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттердi, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi, он алты жасқа дейiнгi бала кезiнен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген, еңбек iстеуге қабiлетi болса да жұмыс iстемейтiн адамдары бар аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi

      6. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудiң ережелерiнде көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

      Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажеттi құжаттар салыстыру үшiн көшiрме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

      7. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстар төлемі, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асырыла алмайды.

      8. Тұрғын үй көмегін алушының тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға кеткен шығыстары болған жағдайда, ол оның өзіне тиесілі үлесі бойынша есепке алынады.

      9. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.

      10. Тұрғын үй көмегiнен заңсыз алынған сомалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.

      11. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:

      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:

      жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бiрақ бiр бөлмелi пәтердiң мөлшерiнен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      екi және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      2) электр қуаты нормалары (бiр айда):

      бiрден бес адамға дейiнгi отбасына – отбасының әрбiр мүшесiне 50 киловатт;

      бес және одан да көп мүшелi отбасына – 200 киловатт;

      3) газ нормалары (бiр айда):

      газ жылыту пешi бар болғанда (1 шаршы метрге) - 7,88 текше метр;

      газбен ас дайындау пешi бар болғанда (отбасының әрбір мүшесіне) - 22 текше метр;

      сұйытылған газ бар болғанда (отбасының әрбір мүшесіне) – 8,2 килограмм.

3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

      12. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

4. Қорытынды ережелер

      13. Осы Қағидамен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады