Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 26.02.2024 № 18-8 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Сарысу ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Сарысу ауданының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Р. Мұханов | Б. Дондаұлы |
Сарысу аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 27-3 шешіміне 1 қосымша |
Сарысу ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сарысу ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Сарысу ауданындағы ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Сарысу ауданының Жаңатас қаласының, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Жаңатас қаласының, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады.
Сарысу ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Жаңатас қаласының, ауылдың, кенттің және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Жаңатас қаласының, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Жаңатас қаласының, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Жаңатас қаласының, ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 27-3 шешіміне 2 косымша |
Сарысу ауданының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй атаулары | Өкілдердің сандық құрамы (адам) |
Жаңатас қаласы | |
1 шағын ауданы | 6 |
2 шағын ауданы | 7 |
3 шағын ауданы | 4 |
М. Әуезов көшесі | 9 |
5 шағын ауданы | 7 |
А. Молдағұлова көшесі | 10 |
Строитель саяжайы | 7 |
Игілік ауылдық округі | |
Игілік ауылы | |
А. Назарбеков көшесі | 3 |
С. Орманов көшесі | 2 |
А. Рыспаев көшесі | 2 |
Өндіріс ауылы | |
Ж. Омарұлы көшесі | 3 |
А. Жұмабеков көшесі | 1 |
С. Әжікұлы көшесі | 1 |
Ғ. Мұратбаев көшесі | 1 |
Ж. Жұмаділов көшесі | 1 |
М. Әбішұлы көшесі | 1 |
Жаңаталап ауылдық округі | |
Жаңаталап ауылы | |
Д. Сейтбаев көшесі | 1 |
Т. Ботантаев көшесі | 1 |
Р. Сәтенұлы көшесі | 1 |
Абай көшесі | 1 |
Е. Пернебайұлы көшесі | 1 |
Ж. Садуақасов көшесі | 1 |
Қ. Данияров көшесі | 1 |
Ұйым ауылы | |
Б.Сағынтайұлы көшесі | 1 |
Абай көшесі | 1 |
Ғ. Мұратбаев көшесі | 1 |
Ж. Сырлыбаев көшесі | 1 |
Байқадам ауылдық округі | |
Саудакент ауылы | |
Ш. Байбатшаев көшесі | 1 |
Н. Әбдіров көшесі | 1 |
Ө. Сарымолдаев көшесі | 1 |
Төле би көшесі | 1 |
Қ. Ысқақұлы көшесі | 1 |
М. Абдуллаев көшесі | 1 |
Б. Сұлтанғазиев көшесі | 1 |
Ж. Аймауытов көшесі | 1 |
М. Күздеубаев көшесі | 1 |
Құрманғазы көшесі | 1 |
С. Жұмабеков көшесі | 1 |
Ш. Құдайбердиев көшесі | 1 |
Е. Тоқаев көшесі | 1 |
Қазыбек би көшесі | 1 |
С. Сейфулин көшесі | 1 |
Б. Момышұлы көшесі | 1 |
Қ. Ыбыраев көшесі | 1 |
Ы. Алтынсарин көшесі | 1 |
І. Жансүгіров көшесі | 1 |
М. Маметова көшесі | 1 |
Б. Кариев көшесі | 1 |
Д. Қонаев көшесі | 1 |
Ә. Өзденбайұлы көшесі | 1 |
Қ. Сәтпаев көшесі | 1 |
А. Байтұрсынов көшесі | 1 |
Е. Жандыбаев көшесі | 1 |
М. Дулатов көшесі | 1 |
М. Әуезов көшесі | 1 |
Абылайхан көшесі | 1 |
Қ. Асанов көшесі | 1 |
Тоғызкент ауылдық округі | |
Тоғызкент ауылы | |
Б. Еркінов көшесі | 1 |
Есмырза көшесі | 1 |
Төле би көшесі | 1 |
Жамбай баба көшесі | 1 |
Н. Мәдемаров көшесі | 1 |
Жамбыл көшесі | 1 |
А. Созақбаев көшесі | 1 |
А. Ахметұлы көшесі | 1 |
Саңырық батыр көшесі | 1 |
Т. Әубәкіров көшесі | 1 |
Сапақ Датқа көшесі | 1 |
Төреқожа көшесі | 1 |
Үшарал көшесі | 1 |
Майлыкөл бөлімшесі | 1 |
Әбілда ауылы | 1 |
Жаңаарық ауылдық округі | |
Ұ. Сыздықбайұлы ауылы | |
Б. Құрмансейт көшесі | 2 |
М. Жарылқап көшесі | 1 |
Н. Жолшыбек көшесі | 1 |
Ақтоғай ауылы | |
С. Бектеміс көшесі | 2 |
Ы. Әбілда көшесі | 2 |
Шоқай Датқа көшесі | 2 |
Досбол ауылдық округі | |
Досбол ауылы | |
Қ. Жұмаділов көшесі | 3 |
К. Жұмабеков көшесі | 1 |
Кенжебай көшесі | 2 |
кіші Көкдала ауылы | 1 |
Түркістан ауылдық округі | |
Ә. Бүркітбаев ауылы | |
Саулембай көшесі | 1 |
Октябрдін 50 жылдық көшесі | 1 |
Абай көшесі | 2 |
Қосымбеков көшесі | 2 |
Ә. Бүркітбаев көшесі | 1 |
Арыстанды ауылы | |
Асанов көшесі | 3 |
Алиев көшесі | 1 |
Үшбас ауылы | |
Мектеп көшесі | 2 |
Орталық көшесі | 1 |
Жайылма ауылдық округі | |
Жайылма ауылы | |
Абай көшесі | 1 |
Шалабайұлы көшесі | 1 |
Байзақов көшесі | 1 |
Домбайұлы көшесі | 1 |
Қостөбе көшесі | 1 |
Рахым көшесі | 1 |
Күлшеев көшесі | 1 |
Есжанұлы көшесі | 1 |
Әбішев көшесі | 1 |
Кеңес көшесі | 1 |
Серікбаев көшесі | 1 |
Гараж көшесі | 1 |
Нұғыманов көшесі | 1 |
Ақтам ауылы | 1 |
Қызылдихан ауылы | 3 |
Маятас ауылы | 2 |
Қамқалы ауылдық округі | |
Қамқалы ауылы | |
Е. Жабалбаев көшесі | 1 |
С. Сейфуллин көшесі | 1 |
Шығанақ ауылы | |
Сарыарқа көшесі | 2 |
Б.Серікбаев көшесі | 2 |
Жайлаукөл ауылы | |
Кеңес көшесі | 1 |
Орталық көшесі | 1 |
Ы. Дүкенұлы көшесі | 1 |
А. Даулетбеков көшесі | 1 |