Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысына сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.
2. "Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғалым Тамабекұлы Қартабаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 5 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | Б. Рысмендиев |
КЕЛІСІЛДІ
"Жамбыл облыстық ішкі істер
департаментінің Талас аудандық
ішкі істер бөлімі"мемлекеттік
мекемесінің бастығы
А. Айхимбеков
"23" желтоқсан 2014 ж.
Қазақстан Республикасы қорғаныс
министрлігінің "Жамбыл облысы
Қаратау қаласының қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген
бөлімі" Республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
К. Симтиков
"23" желтоқсан 2014 ж.
Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігі Жамбыл облысының
Әділет департаменті Талас ауданының
Әділет басқармасы мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Р. Өміралиев
"23" желтоқсан 2014 ж.
Талас аудандық Сотының
төрағасы
Ж. Джумабеков
"23" желтоқсан 2014 ж.
Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "23" желтоқсандағы № 546 қаулысына қосымша |