«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2014 - 2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 604 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2014-2015 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
1)
осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
3)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
3.
Экономика және қаржы департаменті (Т.А. Нұрғожаева) жоғары оқу орындарын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған дайындық бөлімдері тыңдаушыларының контингентіне сәйкес қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5.
Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің м.а. Е. Иманғалиев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрі м.а.
2014 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 383 бұйрығына қосымша
2014-2015 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық
бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
№ | Жоғары оқу орнының атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын) |
---|---|---|
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар | ||
1 |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті |
75 |
2 |
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті |
100 |
3 |
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті |
100 |
4 |
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті |
70 |
5 |
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті |
50 |
6 |
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті |
150 |
7 |
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстаи аграрлық-техникалық университеті |
60 |
8 |
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті |
150 |
9 |
I. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
70 |
10 |
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті |
100 |
11 |
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті |
50 |
12 |
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті |
100 |
13 |
О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті |
125 |
14 |
X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті |
100 |
15 |
Х.А. Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университеті |
100 |
барлығы |
1400 | |
Шетел азаматтары | ||
Ауған Ислам Республикасының азаматтары | ||
1 |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті |
180 |
Түрік Республикасының және өзге түркітілдес республикалардың азаматтары | ||
2 |
Х.А. Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университеті |
200 |
Қытай Халық Республикасының азаматтары | ||
3 |
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті |
100 |
Тәжікстан Республикасының азаматтары | ||
4 |
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті |
100 |
барлығы |
580 |