2014-2015 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 383 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 қыркүйекте № 9766 тіркелді

      «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2014 - 2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 604 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2014-2015 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
      3. Экономика және қаржы департаменті (Т.А. Нұрғожаева) жоғары оқу орындарын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған дайындық бөлімдері тыңдаушыларының контингентіне сәйкес қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым Министрінің м.а.                Е. Иманғалиев

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым Министрі м.а.
2014 жылғы 18 қыркүйектегі 
№ 383 бұйрығына қосымша   

2014-2015 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық
бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру

Жоғары оқу орнының атауы Мемлекеттік білім
беру тапсырысының
көлемі (орын)
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар

1

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

75

2

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

100

3

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

100

4

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

70

5

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

50

6

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

150

7

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстаи аграрлық-техникалық университеті

60

8

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

150

9

I. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

70

10

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

100

11

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

50

12

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

100

13

О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

125

14

X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

100

15

Х.А. Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университеті

100


барлығы

1400
Шетел азаматтары
Ауған Ислам Республикасының азаматтары

1

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

180

Түрік Республикасының және өзге түркітілдес республикалардың азаматтары

2

Х.А. Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университеті

200

Қытай Халық Республикасының азаматтары

3

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

100

Тәжікстан Республикасының азаматтары

4

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

100


барлығы

580


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады