Ескерту. Шешімнің қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды - (Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 12.05.2015 № 113/01 хаты).
Ескерту. Тақырыбына өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 15.09.2014 N 28/240 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2 тармағына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 15.09.2014 N 28/240 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. 2014 жылы Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары келесі мөлшерде ұсынылсын:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 15.09.2014 N 28/240 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Жезқазған қалалық мәслихатының "Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2013 жылы ұсыну туралы" 2013 жылғы 7 ақпандағы № 12/102 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2205 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 22 наурыздағы № 11 (7815) "Сарыарқа" газетінде және 2013 жылғы 22 наурыздағы № 11 (360) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Асансеитов
Қалалық мәслихаттың хатшысы С. Медебаев