Жезқазған қалалық мәслихатының 2014 жылғы 9 шілдедегі № 25/218 "Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2014 жылы ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 28/240 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 қазанда № 2780 болып тіркелді. Шешімнің қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды - (Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 113/01 хаты)

      Ескерту. Шешімнің қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды - (Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 12.05.2015 № 113/01 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2 тармағына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2014 жылғы 9 шілдедегі № 25/218 "Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2014 жылы ұсыну туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2700 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 15 тамыздағы № 34(7889) "Сарыарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) шешімнің тақырыбындағы "ветеринария" деген сөз "агроөнеркәсіптік кешен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) шешімнің кіріспесіндегі "ветеринария" деген сөз "агроөнеркәсіптік кешен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 1 тармақтағы:
      "ветеринария" деген сөз "агроөнеркәсіптік кешен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            В. Сотников

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                С. Медебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады