Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 03.11.2023 № 8/71 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2519 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (12115) "Балқаш өңірі", 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (1188) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
орыс тілдегі Қағидалардың 32 тармағында "уполномоченый" деген сөз "уполномоченный" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Касимова |
Қалалық мәслихат хатшысы | Қ. Рахимберлина |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қала әкімі | Аубакиров Н.Е. |
2014 жыл 28 наурыз | |
"Балқаш қаласының жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік | |
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | Томпиева Ж.Қ. |
2014 жыл 28 наурыз | |
"Балқаш қаласының экономика және | |
қаржы бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | Шлыкова З.С. |
2014 жыл 28 наурыз