Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 қаңтарда № 2519 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/71 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 03.11.2023 № 8/71 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 44/342 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-4-233 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 маусымдағы № 62-63 (11731) "Балқаш өңірі", 2011 жылғы 3 маусымдағы № 59-60 (770) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған);

      қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 14 наурыздағы № 2/22 "Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 27 сәуірдегі "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 44/342 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-4-273 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 44 (11862) "Балқаш өңірі", 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 44 (938) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған).

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

Сессия төрағасы

А. Сыздықова

Қалалық мәслихат хатшысы

Қ. Рахимберлина

КЕЛІСІЛДІ


Қала әкімі

Аубакиров Н.Е.

2013 жыл 24 желтоқсан


"Балқаш қаласының жұмыспен қамту


және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің басшысы

Томпиева Ж.Қ.

2013 жыл 24 желтоқсан


"Балқаш қаласының


экономика және қаржы бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің басшысы

Шлыкова З.С.


      2013 жыл 24 желтоқсан

  Балқаш қалалық мәслихатының
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 24/176 шешімімен
бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 10.02.2021 № 2/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық орган есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;

      9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 04.05.2016 № 2/21 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2019 № 35/285 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.02.2021 № 2/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы Қағидалар Балқаш қаласы және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрақты тұратын адамдарға таратылады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/19 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін ЖАО ұсынымы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді.

      8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

      9. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 10.02.2021 № 2/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 10.02.2021 № 2/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Әлеуметтік көмек атаулы күндер мен мереке күндеріне ұсынылады:

      1) 1-2 қаңтар – Жаңа Жыл мерекесіне:

      мүгедектігі бар балаларға;

      жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне:

      көп балалы ананың жәрдемақысын алушыларға;

      3) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы мерекесіне:

      жасына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақылар алатындарға;

      жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтылған азаматтарға;

      4) 7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы күні мерекесіне:

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға;

      5) 9 мамыр - Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына);

      6) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне:

      "бірінші,екінші,үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға.

      7) алынып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/19 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      8) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде,сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне,сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге;

      саяси қуғын - сүргіндер құрбандары және саяси қуғын - сүргіндерден зардап шеккен адамдарға;

      Балқаш қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларына;

      8-1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні мерекесіне:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер; Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат,контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа

      кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге;

      1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге;

      8-2) 1 қазан - Қарттар күні мерекесіне:

      жетпіс жасқа келген және одан асқан тұлғаларға;

      9) 6 шілде - Астана күні мерекесіне:

      Балқаш қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларына.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 28.08.2018 № 22/196 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді); өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 06.12.2018 № 24/210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2019 № 29/249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2019 № 35/285 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.02.2021 № 2/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 26.04.2023 № 2/19 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, бір рет көрсетіледі:

      1) азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан зиян келтірілсе, осы жағдай туындаған сәттен бастап үш ай ішінде ішінара залал келтірілген кезде – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш, залал толық келтірілген кезде – 85 (сексен бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) әлеуметтік маңызы бар "туберкулез" ауруы бар адамдарға амбулаториялық емделу кезеңінде 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) әлеуметтік маңызы бар "қатерлі ісік" ауруы бар адамдарға операциядан кейінгі емделу кезеңінде 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) әлеуметтік маңызы бар, адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған ауруы бар адамдарға10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған ауруымен ауыратын балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;

      6) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар, босап шыққан күннен бастап үш айдан кеш емес уақытта 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/19 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      12. Алып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/19 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      13. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері - 85 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.

      14. Алып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/19 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 10.02.2021 № 2/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      16. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      17. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/19 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 10.02.2021 № 2/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      18-1. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 30.03.2018 № 18/160 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      20. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент әкіміне жібереді.

      Кент әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/19 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      21. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      22. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      23. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      24. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      25. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кенттің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      26. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      26-1. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 30.03.2018 № 18/160 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Қағидалар 26-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 04.05.2016 № 2/21 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 30.03.2018 № 18/160 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      26-2. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 30.03.2018 № 18/160 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Қағидалар 26-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 04.05.2016 № 2/21 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 30.03.2018 № 18/160 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      27. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 04.05.2016 № 2/21 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      28. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      29. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Балқаш қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 10.02.2021 № 2/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      30. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      31. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 10.02.2021 № 2/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      32. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларына
1-қосымша
нысан

      Отбасыны тіркеу нөмірі ____________

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 10.02.2021 № 2/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларына
2-қосымша
нысан

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/19 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларына
3-қосымша
нысан

Учаскелік комиссияның № ____ қорытындысы

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/19 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады