Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 29.07.2020 № 421 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
XXVIII сессияның төрағасы, | |
қалалық мәслихаттың хатшысы | З. Оспанова |
Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы XXVIII сессиясының № 216 шешімімен бекітілген |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының
жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
қағидалары
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар негізінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына уәкілетті орган әлеуметтік көмекті жүзеге асырады.
1. Жалпы ережелер
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер тұлғаның (отбасының) өтінішін қарау бойынша қала әкімінің өкімімен құрылатын комиссия;
2) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Қарағанды облысының статистика органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган - "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім);
9) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
10) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін қала әкімінің өкімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 17.03.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 420 шешімімен.4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай және заттай нысанда Бөліммен көрсетілетін көмек түсініледі.
5. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек бір мезгілде және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек бір мезгілде келесі атаулы күндерге және мереке күндеріне көрсетіледі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - Ауғанстан Республикасының аумағында ұрыс қимылдары кезеңінде қатысқан тұлғаларға;
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні – "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға;
3) 26 сәуір - Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні - Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға;
4) 9 мамыр – Жеңіс күні - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа да санаттарға;
5) 6 шілде –Астана күні - 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, Қаражал қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға;
6) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні - 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;
7) 1 қазан – Қарттар күні – 70 және одан жоғары жастағы адамдарға;8) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - Қаражал қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 10.02.2020 № 363 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 06.05.2020 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың жергілікті атқарушы органы бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе тұрғын жайға келтірілген залалға өтемақы төлеу үшін және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
10. Азаматтарды өмірлік қиын жағдайдағы тұлғалардың санатына жатқызу үшін түпкілікті негіздемелердің тізбесі мыналар болып табылады:
1) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
3) жетімдік;
4) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
5) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
6) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі.
11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, ең төменгі күнкөріс деңгейіне 0,6 еселік қатынаста шектен аспайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы болған жағдайда тұлғаларға (отбасына) әлеуметтік көмек ұсынылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 17.03.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 420 шешімімен.12. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар әлеуметтік көмекке бір ай мерзімде жүгіне алады.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
13. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi облыстың жергілікті атқарушы органының келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленеді.
14. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
3. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі
15. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
16. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент әкіміне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) алынып тасталды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 10.02.2020 № 363 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;3) осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;
4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 10.02.2019 № 363 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.17. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
17-1. алынып тасталды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 10.02.2020 № 363 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекті жеке шотқа аудару үшін, өтініш беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымынан немесе екінші деңгейдегі банктен ашылған жеке шотын ұсынады.
19. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе кент әкімі бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
20. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидалардың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент әкіміне жiбередi.
Кент әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
21. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
22. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
23. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе кент әкімінен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
24. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
25. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағидалардың 21 және 22 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету, не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
26. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
27. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 11.05.2016 № 19 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.27-1. алынып тасталды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 10.02.2020 № 363 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
27-2. алынып тасталды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 10.02.2020 № 363 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
27-3. алынып тасталды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 10.02.2020 № 363 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
27-4. алынып тасталды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 10.02.2020 № 363 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
28. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
29. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қаланың бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және
қайтару үшін негіздемелер
30. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
31. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
32. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингiн және есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 17.03.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 420 шешімімен.Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларына 1-қосымша |
Отбасының тіркеу нөмірі ____________
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
______________________________________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_____________________________________________________
(үйінің мекенжайы, телефоны)
Р/с № | Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Туған жылы |
Өтініш берушінің қолы __________________
Күні ______________
Отбасының құрамы туралы
мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
органның лауазымды адамының Т.А.Ә. ________________ ___________
(қолы)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларына 2-қосымша |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
20 __ ж. "___" ___________ ____________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________________________
2. Тұратын мекенжайы __________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған
өмірлік қиын жағдай _________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______
адам, оның ішінде:
Р/с | Т.А.Ә. | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірлік қиын жағдай |
Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____
адам.
Балалардың саны: ______________________________________________
Жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______
адам, оқу құны жылына ________________________________________ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы
мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы
мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан
қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер,
туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың,
мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты
қосу керек)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған,
жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй
кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
_____________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске,малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін
құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын
үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ___________
_____________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен
қамтамасыз етілуі ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
________________________ ________________________
Комиссия мүшелері:
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын _____________________________
_______________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
_____________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
үлгілік Қағидаларына
3-қосымша
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20 __ ж. ____ ________________
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына
байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар
және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру
нәтижелерінің негізінде _____________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты
әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.
Комиссия төрағасы: ____________________ _______________________
Комиссия мүшелері: ____________________ _______________________
____________________ _______________________
____________________ _______________________
____________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___________________ данада
20 ___ ж. "___" ________________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе
уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы
_____________________________________________________________________