Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХХVIII сессиясының № 216 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 390 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 мамырда № 5839 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 421 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 29.07.2020 № 421 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХХVIII сессиясының № 216 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2593 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 26 сәуірдегі № 18 (690) "Қазыналы өңір" газетінде, 2014 жылы 11 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      7 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "5) 6 шілде –Астана күні - 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, Қаражал қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға;";

      7 тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "7) 1 қазан – Қарттар күні – 70 және одан жоғары жастағы адамдарға;";

      7 тармақ келесі мазмұндағы 8) тармақшасымен толықтырылсын:

      "8) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - Қаражал қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға.".

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және құқықтық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, қалалық мәслихаттың хатшысы З. Оспанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады