Жәйрем кентінің аумағында көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХXVІІІ сессиясының № 219 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 сәуірде № 2623 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 82 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 24.12.2021 № 82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жәйрем кентінің аумағында көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

XXVIII сессияның төрағасы,


қалалық мәслихаттың хатшысы

З. Оспанова


  Қаражал қалалық мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы
XXVIII сессиясының № 219
шешімімен бекітілген

Жәйрем кентінің аумағында көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жәйрем кентінің аумағында көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Жәйрем кентінің аумағындағы көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Жәйрем кентінің аумағында көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) Жәйрем кентінің жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Жәйрем кентінің әкімі шақырады. Қаражал қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері бөлек жиынға жеке қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады.

      5. Бөлек жиынға кәмелетке толмаған тұлғалар, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған тұлғалар, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғалар қатыспайды.

      6. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      7. Көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Жәйрем кентінің әкімі ұйымдастырады.

      8. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      9. Бөлек жиынды Жәйрем кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Жәйрем кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      10. Бөлек жиынның қатысушылары жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын әр он тұрғындардан бір адам сандық құрамында ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны "Жәйрем поселкесі Әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесіне береді.

      Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 23.12.2016 № 73 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества жителей улицы, многоквартирного жилого дома на территории поселка Жайрем

Решение ХXVIII сессии Каражалского городского маслихата Карагандинской области от 31 марта 2014 года № 219. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 28 апреля 2014 года № 2623. Утратило силу решением Каражалского городского маслихата Карагандинской области от 24 декабря 2021 года № 82

      Сноска. Утратило силу решением Каражалского городского маслихата Карагандинской области от 24.12.2021 № 82 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые правила проведения раздельных сходов местного сообщества жителей улицы, многоквартирного жилого дома на территории поселка Жайрем.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель XXVIII сессии,


секретарь городского маслихата

З. Оспанова


  Утверждены
решением XXVIII сессии
Каражалского городского маслихата
от 31 марта 2014 года № 219

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества жителей улицы, многоквартирного жилого дома на территории поселка Жайрем
1. Общие положения

      1. Настоящие правила проведения раздельных сходов местного сообщества жителей улицы, многоквартирного жилого дома на территории поселка Жайрем (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", а также Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества утвержденными Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей улицы, многоквартирного жилого дома на территории поселка Жайрем.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей улицы, многоквартирного жилого дома (далее – раздельный сход) на территории поселка Жайрем созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества поселка Жайрем.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом поселка Жайрем. Проведение раздельных сходов допускается при наличии положительного решения акима города Каражал на проведение схода местного сообщества.

      4. Члены местного сообщества участвуют в раздельном сходе лично и каждый из них обладает одним голосом.

      5. Не участвуют в раздельном сходе несовершеннолетние лица, лица, признанные судом недееспособными, а также лица, содержащиеся в местах лишения свободы по приговору суда.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Проведение раздельного схода в пределах улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом поселка Жайрем.

      8. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей соответствующей улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход открывается акимом поселка Жайрем или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода являются аким поселка Жайрем или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Для участия в сходе местного сообщества участниками раздельного схода выдвигаются кандидатуры представителей жителей улицы, многоквартирного жилого дома в количественном составе от десяти жителей один человек.

      Количество представителей жителей улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      12. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в Государственное учреждение "Аппарат Акима поселка Жайрем

      Сноска. Пункт 12 - в редакции решения Каражалского городского маслихата Карагандинской области от 23.12.2016 № 73 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).