Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі V шақырылған XХVI сессиясының № 1024/26 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 мамырда № 2634 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 1115/33 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 09.04.2015 № 1115/33 (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы                            Е. Керимкулов

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Ә. Сатова

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы            Р. Меллятова
      2014 жылғы 14 сәуір

2014 жылғы 14 сәуірдегі
қалалық мәслихатының
XXVI сессиясының
№ 1024/26 шешімімен
бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер тұлғаның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Шахтинск қаласы әкімнің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі - ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
      7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      8) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
      9) уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
      10) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      11) шектi шама - әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшері.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 23.12.2014 № 1094/32 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Әлеуметтік көмек Шахтинск өңірінде тұрақты тұратын азаматтарға ұсынылады.
      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан - әрі алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сонымен қатар атаулы күндер және мерекелік күндерінде жергілікті атқарушы органдармен (бұдан - әрі ЖАО) ақшалай және табиғи түрінде ұсынылатын көмек болып түсіндіріледі.
      5. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндердің және мерекелік күндердің тізбесі:
      1) 9 мамыр - Жеңіс Күні;
      2) 1 маусым - балаларды қорғау Күні;
      3) 1 қазан - Қарттар Күнi;
      4) Мүгедектер күні (қазанның екінші жексенбісі);
      5) 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Бірінші Президенттің Күні.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 23.12.2014 № 1094/32 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
     7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметiн облыстардың атқарушы органдарымен (республикалық маңызы бар қала, астана) бекiтiлетiн ереже негiзiнде атқарады.
      Арнайы және учаскелiк комиссия туралы үлгiлiк ережелер орталық атқарушы органмен бекiтiледi.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 23.12.2014 № 1094/32 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеумметтік көмектің мөлшерін белгілеу тәртібі

      8. Әлеуметтік көмек алушылардың тізбесі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) Ұлы Отан соғыс жылдарында тылда мінсіз әскери қызмет және қайсар еңбек үшін бұрынғы КСР одағы медальдары және ордендармен марапатталған тұлғалар, оның ішінде "Германияны жеңгені үшін" марапатталғандар;
      3) қоршаудағы Ленинград тұрғындары;
      4) Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары;
      5) фашистік лагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындары;
      6) қайта некеге тұрмаған, мерт болған әскери қызметшілердің жесір әйелдері;
      7) қайтыс болған Ұлы Отан соғыс мүгедектерінің әйелдері (күйеулері), қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері);
      8) 6 айдан кем емес Ұлы Отан соғыс жылдарында жұмыс жасаған, азаматтар (басып алынған аумақтағы жұмыстан басқа);
      9) Чернобыль АЭС-індегі және басқа да ядролық нысандарда апатты жойған қатысушылар;
     10) Басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
      11) мерт болған сарбаздардың отбасылары;
      12) 75 жасқа келген және асқан азаматтар;
      13) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
      14) 16 жастағы дейінгі мүгедек - балалар, 16 бастап 18 жасқа дейінгі мүгедек - балалар;
      15) аз қамтылған азаматтар (отбасылар);
      16) амбулаториялық емделу кезiнде, әлеуметтiк мәнi бар «туберкулез» ауруы болса.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 23.12.2014 № 1094/32 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      9. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетiледi.
      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстық ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
      11. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
      3) жергiлiктi өкiлдi органдар ең төмен күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негiздеме болып табылады.
      12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарға әлеуметтік көмектің шекті өлшемі 85 айлық есептік көрсеткіштен аса алмайды.
      13. Апатты оқиға немесе өрт, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекті ұсынумен хабарласқан азаматтардың өтініші көзделген жағдайлардың туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей уәкілетті органмен қарастырылады.
      14. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия жергілікті бюджет қаражатын ескере отырып айқындайды, және оның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды көрсетеді.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу тәртібі

      Ескерту. 3-тарауының атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 23.12.2014 № 1094/32 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Әлеуметтік көмек атаулы күндер және мереке күндеріне, алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынысы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
     16. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) тұлғаның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 23.12.2014 № 1094/32 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      17. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларға және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      19. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, тұлғаның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      20. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      21. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзгеде уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      22. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      23. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      24. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 20 және 21 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 23.12.2014 № 1094/32 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      25. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда-негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      26. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      27. Өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарға отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстын есебімен, отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табыстын шегі - ең төмен күнкөріс деңгейі облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері орнатылады.
      28. Әлеуметтік көмек уәкілетті органмен банк операциялардың тиісті түрлеріне қаржылық ұйымдардың және қаржылық нарықты бақылау және реттеу бойынша уәкілетті органның лицензиясы бар, ұйымдарда ашылған банк шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктарға ақшалай түрде ұсынылады.
      29. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қаланың бюджетінде көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 23.12.2014 № 1094/32 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      30. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлген әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      Ескерту. 4-тарауының атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 23.12.2014 № 1094/32 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      31. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған, күмәнді мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      32. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      33. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

Решение XХVI сессии V созыва Шахтинского городского маслихата Карагандинской области от 14 апреля 2014 года № 1024/26. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 11 мая 2014 года № 2634. Утратило силу решением Шахтинского городского маслихата Карагандинской области от 9 апреля 2015 года № 1115/33

      Сноска. Утратило силу решением Шахтинского городского маслихата Карагандинской области от 09.04.2015 № 1115/33 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ:
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        Е. Керимкулов

      Секретарь городского маслихата             А. Сатова

      СОГЛАСОВАНО

      Руководитель
      ГУ "Отдел занятости
      и социальных программ
      города Шахтинска"                          Р. Меллятова
      14 апреля 2014 года

Утверждены
решением XXVI сессии
городского маслихата
от 14 апреля 2014 года № 1024/26

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан".

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:
      1) памятные даты - события, имеющие общенародное историческое, духовное и культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;
      2) специальная комиссия - комиссия, создаваемая решением акима города Шахтинска, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;
      3) прожиточный минимум - необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины;
      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;
      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;
      6) центральный исполнительный орган - государственный орган, обеспечивающий реализацию государственной политики в сфере социальной защиты населения;
      7) трудная жизненная ситуация - ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;
      8) уполномоченный орган - исполнительный орган города республиканского значения, столицы, района (города областного значения), района в городе в сфере социальной защиты населения, финансируемый за счет местного бюджета, осуществляющий назначение и выплату социальной помощи;
      9) уполномоченная организация - Республиканское государственное казенное предприятие, созданное по решению Правительства Республики Казахстан;
      10) участковая комиссия - комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью и подготовки заключений;
      11) предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи.
      3. Социальная помощь предоставляется гражданам, постоянно проживающим в Шахтинском регионе.
      4. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом (далее – МИО) в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.
      5. Лицам, указанным в статье 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и статье 16 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.
      6. Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи:
      1) 9 мая – День Победы;
      2) 1 июня – День защиты детей;
      3) 1 октября – День пожилых;
      4) День инвалидов (второе воскресенье октября);
      5) 1 декабря - День Первого Президента Республики Казахстан.
      7. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых областными (города республиканского значения, столицы) исполнительными органами.
      Типовые положения о специальных и участковых комиссиях утверждаются центральным исполнительным органом.

2. Порядок определения перечня категорий получателей
социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      8. Перечень получателей социальной помощи:
      1) участники и инвалиды Великой Отечественной войны;
      2) лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, в том числе награжденные "За Победу над Германией";
      3) жители блокадного Ленинграда;
      4) лица вольнонаемного состава Советской армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшие штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны;
      5) несовершеннолетние узники фашистских лагерей;
      6) вдовы погибших военнослужащих, не вступившие в повторный брак;
      7) жены (мужья) умерших инвалидов Великой Отечественной войны, жены (мужья) умерших участников войны, партизан, подпольщиков, граждан, награжденных медалью «За оборону Ленинграда» и знаком «Житель блокадного Ленинграда», признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак;
      8) граждане, проработавшие в годы Великой Отечественной войны не менее 6 месяцев (исключая работу на оккупированных территориях);
      9) участники ликвидации аварии на Чернобыльской АЭС и других ядерных объектах;
      10) участники боевых действий на территории других государств, а именно военнослужащие Советской армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лица рядового и начальствующего состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решением правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств; военнообязанные, призывавшиеся на учебные сборы и направлявшиеся в Афганистан в период ведения боевых действий; военнослужащих автомобильных батальонов, направлявшиеся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий; военнослужащие летного состава, совершавшие вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР; рабочие и служащие, обслуживающие советский военный контингент в Афганистане, получившие ранения, контузии или увечья, либо награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий;
      11) семьи погибших воинов;
      12) граждане, достигшие 75-летнего возраста и старше;
      13) инвалиды 1, 2, 3 групп;
      14) дети-инвалиды до 16 лет, дети-инвалиды с 16 до 18 лет;
      15) малообеспеченные граждане (семьи);
      16) наличие социально значимого заболевания "туберкулез" в период амбулаторного лечения;
      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными решением Шахтинского городского маслихата Карагандинской области от 23.12.2014 № 1094/32 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      9. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, один раз в полугодие).
      10. К памятным датам и праздничным дням размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей устанавливается в едином размере по согласованию с МИО области и предоставляется единовременно.
      11. Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:
      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;
      2) причинение ущерба гражданину (семье), его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, либо наличие социально значимого заболевания;
      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного местными представительными органами в кратном отношении к прожиточному минимуму.
      12. Предельный размер социальной помощи – не более 85 месячных расчетных показателей.
      13. Срок обращения за социальной помощью при наступлении трудной жизненной ситуации, вследствие стихийного бедствия или пожара - не позднее шести месяцев со дня наступления указанных ситуаций.
      14. Размер оказываемой социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия, исходя из средств местного бюджета, и указывает его в заключение о необходимости оказания социальной помощи.

3. Порядок оказания социальной помощи

      15. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается, по списку, утверждаемому МИО по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.
      16. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа предоставляет заявление с приложением следующих документов:
      1) документ, удостоверяющий личность;
      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;
      3) сведения о составе лица (семьи);
      4) сведения о доходах лица (членов семьи);
      5) акт и/или иной документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.
      17. Документы предоставляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      18. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации, уполномоченный орган или аким поселка, села, сельского округа в течение одного рабочего дня направляет документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).
      19. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи и направляет их в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа.
      Аким поселка, села, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.
      20. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.
      21. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.
      22. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима поселка, села, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.
      23. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.
      24. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.
      В случаях, указанных в пунктах 20 и 21 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима поселка села, сельского округа.
      25. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа – с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.
      26. По одному основанию трудной жизненной ситуации социальная помощь в течение одного календарного года повторно не назначается.
      27. Для назначения социальной помощи с учетом среднедушевого дохода семьи гражданам, находящимся в трудной жизненной ситуации устанавливается порог среднедушевого дохода семьи (гражданина) – прожиточный минимум, рассчитываемый органами статистики в областях, городе республиканского значения, столице.
      28. Социальная помощь предоставляется уполномоченным органом в денежной форме через банки второго уровня путем перечисления на банковские счета, открытые в организациях, имеющих лицензии уполномоченного органа по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций на соответствующие виды банковских операций.
      29. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом города.
      30. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:
      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;
      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);
      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного местными представительными органами порога для оказания социальной помощи.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой
социальной помощи

      31. Социальная помощь прекращается в случаях:
      1) смерти получателя;
      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы соответствующей административно-территориальной единицы;
      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;
      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.
      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.
      32. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      33. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы «Е-Собес».
      Сноска. Пункт 33 - в редакции решения Шахтинского городского маслихата Карагандинской области от 23.12.2014 № 1094/32 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).