Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.
Шахтинск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі XХVI сессиясының № 1024/26 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2634 тіркелген, 2014 жылғы 16 мамырдағы № 19 «Шахтинский вестник» газетінде, 2014 жылғы 21 мамырдағы «Әділет» ақпараттық –құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
мемлекеттік тілдегі Қағидалардың 2-тармағының 11) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«11) шектi шама - әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшері.»;
мемлекеттік тілдегі Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3) 1 қазан - Қарттар Күнi;»;
мемлекеттік тілдегі Қағидалардың 7-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметiн облыстардың атқарушы органдарымен (республикалық маңызы бар қала, астана) бекiтiлетiн ереже негiзiнде атқарады.
Арнайы және учаскелiк комиссия туралы үлгiлiк ережелер орталық атқарушы органмен бекiтiледi.»;
мемлекеттік тілдегі Қағидалардың 3-тарауының атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу тәртібі»;
мемлекеттік тілдегі Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4) Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары;»;
Қағидалардың 8-тармағының 7) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«7) қайтыс болған Ұлы Отан соғыс мүгедектерінің әйелдері (күйеулері), қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері);»;
мемлекеттік тілдегі Қағидалардың 8-тармағының 10) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«10) Басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;»;
мемлекеттік тілдегі Қағидалардың 8-тармағының 16) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«16) амбулаториялық емделу кезiнде, әлеуметтiк мәнi бар «туберкулез» ауруы болса.»;
мемлекеттік тілдегі Қағидалардың 16-тармағының бірінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«16. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:»;
мемлекеттік тілдегі Қағидалардың 24-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«24. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағидалардың 20 және 21 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.»;
мемлекеттік тілдегі Қағидалардың 29-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«29. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қаланың бюджетінде көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.»;
мемлекеттік тілдегі Қағидалардың 4-тарауының атауы келесі редакцияда мазмұндалсын «4. Көрсетiлген әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер»;
орыс тіліндегі Қағидалардың 33-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«33. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы «Е-Собес».».
2.
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
С. Суханова |