Шахтинск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі XХVI сессиясының № 1010/26 "Шахтинск қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы V шақырылған XXXII сессиясының № 1095/32 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда № 2942 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 11 қазандағы № 1446/17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 11.10.2017 № 1446/17 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 9-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі XХVI сессиясының № 1010/26 "Шахтинск қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2636 тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырдағы № 20 "Шахтинский вестник" газетінде, 2014 жылғы 21 мамырдағы "Әділет" ақпараттық –құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген Шахтинск қалалық мәслихатының Регламентінде:

      Мемлекеттік тілде 23-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "23. Мәслихатқа жiберiлетiн шешiм жобаларының материалдары келесiлерден тұруы тиiс:

      1) шешiм жобасы;

      2) шешiмдi қабылдау қажеттiлiгiн түсiндiретiн түсiнiктеме хат, толық қабылдану мақсаттары мен мiндеттерi, қабылданған шешiмнiң болжаулы салдары және негiзгi ережелерi;

      3) егер ол материалдық шығынды қажет етсе, қаржы-экономикалық есебi;

      4) шешiмдердiң жобалары атқарушы органмен жiберiлген жағдайда, қала әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiнiң қолданыстағы заңдарға сәйкестiгi туралы қорытындысы;

      5) мүдделi органдардың келiсiмi, олардың басшыларының қолы.

      Шешiм жобасы жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң мүддесiн қозғайтын жағдайда, оған мiндеттi түрде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң және Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлердiң ұлттық палатасының сараптама қорытындысы берiледi, сондай-ақ шешiм жобасы әрбiр келесi келiскен кезде берiледi.

      Шешiмнiң жобасы және қосымшаларының әр бетi жобаны дайындаған органның бiрiншi басшысының қолымен расталады.";

      Орыс тіліндегі 28-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "28. Шешімнің жобасын талқылау тармақтар бойынша жүргізіледі. Жобаларға түзетулер ұсынылып отырған өзгерістер немесе толықтырулар нақты тұжырымдалып, олардың шешім жобасының мәтініндегі орны көрсетіліп, жазбаша түрде беріледі. Осы талаптарды қанағаттандырмайтын түзетулер қарауға қабылданбайды.";

      Мемлекеттік тілде 38-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "38. Мәслихат сессия төрағасының және мәслихат хатшысының, тұрақты комиссиялар төрағаларының және мәслихаттың өзге органдарының есебiн тыңдайды.

      Мәслихат хатшысы жылына кемiнде бiр рет мәслихаттың кезектi сессияларында мәслихаттың қызметiн ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтiнiштердiң қаралу барысы, сайлаушылардың өтiнiштерi және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергiлiктi өзiн - өзi басқарудың өзге де органдарымен өзара iс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметi туралы есеп бередi.

      Мәслихат сессиясының, мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының төрағалары жылына кемiнде бiр рет мәслихаттың кезектi сессияларында жүктелген функциялар мен өкiлеттiктердiң орындалуы туралы есеп бередi.";

      Мемлекеттік тілде 55-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "55. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы немесе мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiк тыңдаулар өткiзе алады.

      Көпшiлiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, жергiлiктi өзiн - өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары нысанында тұрақты комиссиялардың қарауына жатқызылған өте маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.

      Көпшiлiк тыңдаулар өткiзу үшiн депутаттар қатарынан жұмыс тобы құрылады. Тыңдауларды дайындау үшiн өзге мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мамандары жұмылдырылуы мүмкiн.

      Тұрақты комиссия алда болатын көпшiлiк тыңдаулардың тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың назарына жеткiзедi.

      Көпшiлiк тыңдауларға тұрақты комиссия мүдделi мемлекеттiк органдардың, жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн шақырады. Көпшiлiк тыңдауларда мәслихаттың басқа тұрақты комиссияларының депутаттары қатыса алады.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрайымы

С. Суханова

Мәслихат хатшысы

Ә. Сатова


О внесении изменений в решение XХVI сессии Шахтинского городского маслихата от 14 апреля 2014 года № 1010/26 "Об утверждении Регламента Шахтинского городского маслихата"

Решение XXXII сессии V созыва Шахтинского городского маслихата Карагандинской области от 23 декабря 2014 года № 1095/32. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 21 января 2015 года № 2942. Утратило силу решением Шахтинского городского маслихата Карагандинской области от 11 октября 2017 года № 1446/17

      Сноска. Утратило силу решением Шахтинского городского маслихата Карагандинской области от 11.10.2017 № 1446/17 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 9 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, с Указом Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата" городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение XХVI сессии Шахтинского городского маслихата от 14 апреля 2014 года № 1010/26 "Об утверждении Регламента Шахтинского городского маслихата" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2636, опубликовано 23 мая 2014 года в газете "Шахтинский вестник" № 20, в информационно-правовой системе "Әдiлет" 21 мая 2014 года), следующие изменения:

      В Регламенте Шахтинского городского маслихата, утвержденным указанным решением:

      пункт 23 на государственном языке изложить в следующей редакции:

      "23. Мәслихатқа жiберiлетiн шешiм жобаларының материалдары келесiлерден тұруы тиiс:

      1) шешiм жобасы;

      2) шешiмдi қабылдау қажеттiлiгiн түсiндiретiн түсiнiктеме хат, толық қабылдану мақсаттары мен мiндеттерi, қабылданған шешiмнiң болжаулы салдары және негiзгi ережелерi;

      3) егер ол материалдық шығынды қажет етсе, қаржы-экономикалық есебi;

      4) шешiмдердiң жобалары атқарушы органмен жiберiлген жағдайда, қала әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiнiң қолданыстағы заңдарға сәйкестiгi туралы қорытындысы;

      5) мүдделi органдардың келiсiмi, олардың басшыларының қолы.

      Шешiм жобасы жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң мүддесiн қозғайтын жағдайда, оған мiндеттi түрде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң және Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлердiң ұлттық палатасының сараптама қорытындысы берiледi, сондай-ақ шешiм жобасы әрбiр келесi келiскен кезде берiледi.

      Шешiмнiң жобасы және қосымшаларының әр бетi жобаны дайындаған органның бiрiншi басшысының қолымен расталады.";

      пункт 28 на русском языке изложить в следующей редакции:

      "28. Обсуждение проекта решения проводится по пунктам. Поправки к проектам подаются в письменном виде с четкими формулировками предлагаемых изменений или дополнений, указанием их места в тексте проекта решения. Неудовлетворяющие этим требованиям поправки к рассмотрению не принимаются.";

      пункт 38 на государственном языке изложить в следующей редакции:

      "38. Мәслихат сессия төрағасының және мәслихат хатшысының, тұрақты комиссиялар төрағаларының және мәслихаттың өзге органдарының есебiн тыңдайды.

      Мәслихат хатшысы жылына кемiнде бiр рет мәслихаттың кезектi сессияларында мәслихаттың қызметiн ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтiнiштердiң қаралу барысы, сайлаушылардың өтiнiштерi және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергiлiктi өзiн - өзi басқарудың өзге де органдарымен өзара iс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметi туралы есеп бередi.

      Мәслихат сессиясының, мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының төрағалары жылына кемiнде бiр рет мәслихаттың кезектi сессияларында жүктелген функциялар мен өкiлеттiктердiң орындалуы туралы есеп бередi.";

      пункт 55 государственном языке изложить в следующей редакции:

      "55. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы немесе мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiк тыңдаулар өткiзе алады.

      Көпшiлiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, жергiлiктi өзiн - өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары нысанында тұрақты комиссиялардың қарауына жатқызылған өте маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.

      Көпшiлiк тыңдаулар өткiзу үшiн депутаттар қатарынан жұмыс тобы құрылады. Тыңдауларды дайындау үшiн өзге мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мамандары жұмылдырылуы мүмкiн.

      Тұрақты комиссия алда болатын көпшiлiк тыңдаулардың тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың назарына жеткiзедi.

      Көпшiлiк тыңдауларға тұрақты комиссия мүдделi мемлекеттiк органдардың, жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн шақырады. Көпшiлiк тыңдауларда мәслихаттың басқа тұрақты комиссияларының депутаттары қатыса алады.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.


Председатель сессии

С. Суханова

Секретарь маслихата

А. Сатова