Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 31 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-10-148 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 мамырдағы № 22 (7339) "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған), Ақтоғай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 ақпандағы "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 31 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 109 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2221 болып тіркелген, 2013 жылғы 22 наурыздағы № 10 (7380) "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiнің 2 тармағының 4) тармақшасы және 17 тармағының 4-1) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Сессия төрағасы Н. Шуланова
Аудандық мәслихат хатшысы М. Оңғарқұлов
КЕЛІСІЛДІ:
"Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Жармағанбетов
11 сәуір 2014 жыл