Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 21 сессиясының № 198 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 мамырда № 2627 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 253 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 26.12.2024 № 253 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 31 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-10-148 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 мамырдағы № 22 (7339) "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған), Ақтоғай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 ақпандағы "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 31 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 109 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2221 болып тіркелген, 2013 жылғы 22 наурыздағы № 10 (7380) "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiнің 2 тармағының 4) тармақшасы және 17 тармағының 4-1) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

Сессия төрағасы

Н. Шуланова

Аудандық мәслихат хатшысы

М. Оңғарқұлов

КЕЛІСІЛДІ:


"Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту


және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің басшысы

Т. Жармағанбетов


      11 сәуір 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады