Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 253 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 желтоқсанда № 6698-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Байланыс туралы" Заңдарына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Р. Абеуов

  Ақтоғай аудандық
мәслихатының
2024 жылғы 26
желтоқсандағы
№ 253
шешіміне 1-қосымша

Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтоғай ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      5. "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) Қағидаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Ақтоғай аудандық
мәслихатының
2024 жылғы 26
желтоқсандағы
№ 253
шешіміне 2- қосымша

Ақтоғай аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 3 сессиясының 2012 жылғы 10 сәуірдегі №31 "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8-10-148 болып тіркелген) шешімі.

      2. Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2013 жылғы 13 ақпандағы №109 "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" №31 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2221 болып тіркелген) шешімі.

      3. Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 21 сессиясының "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 198 "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2627 болып тіркелген) шешімі.

      4. Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі 24 сессиясының № 224 "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" №31 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2763 болып тіркелген) шешімі.

      5. Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі 2 сессиясының № 23 "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" №31 шешіміне өзгеріс енгізу туралы". (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3769 болып тіркелген) шешімі

      6. Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы 25 сессиясының № 224 "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі №31 "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4847 болып тіркелген) шешімі.

      7. Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 355 "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" №31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5623 болып тіркелген) шешімі.

      8. Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 ақпандағы № 18 "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі №31 "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6196 болып тіркелген) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады