"Ұлытау ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 03/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 наурызда № 2556 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 18/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 22.06.2016 № 18/05 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы", 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 "Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Жарлықтарына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Ұлытау ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Уткельбаев Ерлан Сериковичке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Х. Омаров

      

  Ұлытау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 10 ақпандағы
№ 03/01 қаулысымен
бекітілген

"Ұлытау ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Ұлытау ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Ұлытау ауданының сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5.Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101500, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай көшесі, 23.
      9. Бөлімнің толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Ұлытау ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства Улытауского района".
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11.Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары және міндеттері

      13. Бөлімнің миссиясы: ауданның елді мекендерінде аумақтық даму қала құрылысы шешімдерін сапалы жаңа деңгейіне жеткізу мақсатында сәулет және қала құрылыс қызметін дамыту саласында мемлекеттік саясатын өткізу.
      14. Міндеттері:
      1) тиісті аумақта сәулет және қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясатын жүргізу;
      2) құрылыс саясаты, оңтайлы құрылыс салуды ұйымдастыру және ауданның елді мекендерінде аумақтық даму құрылыстық шешімдерін тиімді іске асыруға байланысты жұмыстардың сапасын арттыру;
      3) ресурстық және технологиялық базасын қайта құру негізінде инфрақұрылымның және құрылыстың дамуына жәрдемдеседі;
      4) әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын жеке тұрғын үй құрылысы аумағында ұйымдастыру;
      5) объектілерді жобалау үшін нормативтік-техникалық құжаттамасы базасын дамыту;
      6) аудан аумағын қала құрылыстық игеру кезінде заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген, сәулет және қала құрылысы қызметі, мемлекеттік нормативтер туралы заңнамасының және өзге де жобалы құжаттаманың нормаларын сақтау;
      7) ауданның елді мекендерін кешенді әлеуметтік-экономикалық дамытуына ағымдағы және келешекті міндеттерін шешуге бағытталған жұмыстарды және қала құрылыстық бағдарламаларды іске асыруды ұйымдастыру;
      8) қала құрылысы жобасын ұйымдастыру;
      9) қала құрылысының құжаттаманың барлық сабақтас бөлімдерін үйлестіру;
      10) ауылдық елді мекендердің бас жоспарлары жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      11) ведомствалық бағыныстағы аумақтағы әлеуметтік саланың объектілерін, коммуникацияларды, тарихи және мәдени ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтауын ұйымдастыру және олардың нормативтік ұстауын бақылау (пайдалануын);
      12) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
      15. Функциялары:
      1) аудан аумағындағы қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ елді мекендерді дамытудың бас жоспарларын аудандық мәслихаттың бекітуіне әзірлеуді және ұсынуды ұйымдастырады;
      2) аудан аумағындағы қала құрылысын жобалаудың (аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiреді;
      3) аудан аумағын қала құрылыстық игеру кезінде заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген, сәулет және қала құрылысы қызметі, мемлекеттік нормативтер туралы заңнамасының және өзге де жобалы құжаттаманың нормаларын сақтауға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді;
      4) қала құрылысы тәртібін және салу ережесін сақтаумен, бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жоспарларының жүзеге асырылуына бақылауды жүзеге асырады;
      5) жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізетін республикалық және аумақтық бөлімшелермен, мемлекеттік сәулет-құрылыс және лицензиялау департаментімен, лицензиялау органдарымен, сәулет және қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша өзара әрекеттеседі;
      6) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халықты ақпараттандырады;
      7) заңнамамен белгіленген тәртіпте аудан аумағында базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асырады;
      8) заңды және жеке тұлғаларға Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын заңда белгіленген тәртіпте ұсынады;
      9) тұрғын үй-азаматтық құрылыс өндірісі, әртүрлі материалдар түрлері, бұйымдар және конструкциялар үшін өндіріске жаңа технологиялар енгізеді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілейді және тағайындайды, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізеді;
      11) жоспарлау жобаларын, тұрғын үйлер мен өндірістік аудандарды салудың, тиісті аумақтың жоспарлау құрылымындағы маңызды жеке ғимараттар мен ғимараттардың сәулеттік жобаларын әзірлеуге конкурстарды өткізуді ұйымдастырады;
      12) азаматтар мен заңды тұлғалардың қала құрылысы қызметін жүзеге асыру мәселелері жөніндегі арыздары мен өтініштерін қарайды және өз құзыретінің шегінде шешім қабылдайды;
      13) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы заңнамаларының және басқа да сәулет және қала құрылысы қызметі жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      14) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;
      16) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
      17) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынады;
      18) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) осы Ережеде көзделген функцияларды орындау және жүзеге асыру үшін аудандық атқарушы органдары мен басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан қала құрылыс мәселелері бойынша қажетті құжаттар мен материалдарға сұратуға;
      2) ауданда өткізілетін қаржы-несиелік, инвестициялық, жекешелендіру, салық саясатының шешімдерін әзірлеуіне және Бөлімнің жай-күйіне әсер ететін өзге де жағдайларда қатысуға;
      3) өз құзыреті шегінде аудан аумағындағы құрылыс қызметінің мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға;
      4) өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде құрылыс және құрылыс индустрия кез келген объектілеріне кедергісіз кіруге;
      5) адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп-қатер көрсететін, сондай-ақ меншікке, республика азаматтарының құқықтары мен мүдделеріне және заңды тұлғаларға зиян келтіретін, жобалық құжаттамамен бекітілген нормативтік талаптардың ауытқуы мен бұзушылықтарымен орындалатын құрылыстарды қаржыландыру және несиелендірудің толық немесе ішінара тоқтатуы туралы тиісті органдарға белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізуге;
      6) заңда белгіленген тәртіпте өз бетімен құрылыс салу, қала құрылысы тәртібін бұзған үшін кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы мәселелерін тиісті мемлекеттік органдар алдында қозғауға;
      7) аудан аумағында сәулет және қала құрылысы аясындағы мемлекеттік нормативтер мен талаптардың бұзылу себептерін анықтауға және талдауға;
      8) сәулет және қала құрылысы саласындағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсынысты енгізуге;
      9) тұрғын үй объектілерін, инженерлік инфрақұрылымды салуға, қайта құруға және күрделі жөндеуге, абаттандыруға, мердігерлермен жасалған тендерлік шарттардың талаптарын сақтауды бақылауға;
      10) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелері бoйынша жиналыстар өткізуге;
      11) құрылыс мәселелері бойынша аудан әкімдігінің қаулылары мен әкім өкімдерінің жобаларын дайындауға;
      12) Бөлімнің жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарауға, тексеруге және олар бойынша тиісті шаралар қабылдауға;
      13) жер учаскелерін беру, жобаларды келісу, техникалық жағдайларды беру, құрылыс кезінде қызмет көрсету, сондай-ақ жеке салушылардың мүдделерін қорғайтын нормаларды сақтау бойынша материалдарды дайындау, құрылыс ережелерімен белгіленген мерзімде жүзеге асыратын жергілікті қызметтердің жұмысын бақылауға;
      14) өз құзыретінің мәселелері бойынша жұмыс топтарын құруға, ведомствааралық комиссиялардың жұмысына қатысуға;
      15) нормативтік сәулет-қала құрылысы және экологиялық талаптарына жауап бермейтін жобаларды келісуден бас тартуға;
      16) әр нақты жағдайда жобалаудың сатылығы, құрамы және көлемін, эскиздік жобалардың әзірлеу қажеттілігін, варианттық және конкурстық жобалаудың сәулет және қала құрылысы маңызы бар объектілерін, жеке жобалардың әзірлеу және үлгі жобаларды қолдану орындылығын анықтауға;
      17) қолданыстағы заңнамада көзделген осы Ережеде анықталған міндеттер мен функциялардан туындайтын өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

      17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. Бөлім басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) басшы Бөлім жұмысын ұйымдастырады және жүзеге асырады, Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады, Бөлім қызметінің жеке бағыттарына басшылық және жауапкершілік дәрежесін орнатады;
      2) Бөлім қызметкерлерінің қызметтік өкілеттіктерінің көлемін және лауазымдық нұсқаулықтарын олардың атқаратын қызметтеріне сәйкес бекітеді;
      3) өз құзыреті шегінде Бөлімнің барлық қызметкерлеріне орындау үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      4) заңнамаға, штаттық кестеге сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) белгіленген тәртіпте аудан әкімінің қарауына Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша шешімдер және өкімдер жобаларын енгізеді;
      6) құжаттардың орындалуы бойынша бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олардың сақталуына жауапты болады;
      7) заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлердің көтермелеуін жүзеге асырады;
      8) қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарда және ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің өкілі болады;
      9) Бөлім атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      10) өз құзыреті шегінде Бөлім атынан сенімхаттар береді;
      11) банкттік шоттар ашады;
      12) шарттар жасайды;
      13) оның құзыретіне қатысты өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Бөлімнің мүлкі

      20. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства Улытауского района"

Постановление акимата Улытауского района Карагандинской области от 10 февраля 2014 года № 03/01. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 14 марта 2014 года № 2556. Утратило силу постановлением акимата Улытауского района Карагандинской области от 22 июня 2016 года № 18/05

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Улытауского района Карагандинской области от 22.06.2016 № 18/05.
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах" и Указами Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", от 7 марта 2013 года № 523 "Об утверждении Реестра должностей государственных служащих", акимат Улытауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства Улытауского района".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Улытауского района Уткельбаева Ерлана Сериковича.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Аким района
Х. Омаров

      

  Утверждено
постановлением акимата
Улытауского района
от 10 февраля 2014 года № 03/01

Положение
государственного учреждения "Отдел архитектуры
и градостроительства Улытауского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства Улытауского района" (далее - Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере архитектуры и градостроительства Улытауского района.
      2. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждается в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      8. Местонахождение юридического лица: 101500, Карагандинская область, Улытауский район, село Улытау, улица Абая, 23.
      9. Полное наименование Отдела:
      на государственном языке - "Ұлытау ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      на русском языке - государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства Улытауского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.
      11. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из республиканского и местных бюджетов.
      12. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела.
      Если Отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи,
функции, права и обязанности Отдела

      13. Миссия Отдела: проведение государственной политики в сфере развития архитектурной и градостроительной деятельности, в целях достижения качественно нового уровня градостроительных решений территориального развития населенных пунктов района.
      14. Задачи:
      1) проведение государственной политики в сфере архитектурной и градостроительной деятельности на соответствующей территории;
      2) повышение качества работ, связанных с архитектурной и градостроительной политикой, организацией рациональной застройки и эффективной реализации градостроительных решений территориального развития населенных пунктов района;
      3) содействие развитию инфраструктуры и строительства на основе преобразования ресурсной и технологической базы;
      4) организация строительства объектов социальной, инженерной и транспортной инфраструктур на территории индивидуальной жилой застройки;
      5) развитие базы нормативно-технической документации для проектирования объектов;
      6) соблюдение норм законодательства об архитектурной и градостроительной деятельности, государственных нормативов и иной проектной документации при градостроительном освоении территории района, утвержденных в порядке, установленном законодательством;
      7) организация работ и реализация градостроительных программ, направленных на решение текущих и перспективных задач комплексного социально-экономического развития населенных пунктов района;
      8) организация градостроительного проекта;
      9) координация всех смежных разделов градостроительной документации;
      10) организация работ по разработке проектов генеральных планов сельских населенных пунктов;
      11) организация сохранения объектов социальной сферы на подведомственной территории, коммуникаций, памятников истории и культуры, объектов государственного природно-заповедного фонда и контроль за их нормативным содержанием (использованием);
      12) повышение качества оказываемых государственных услуг.
      15. Функции:
      1) организует разработку и представление на утверждение районному маслихату схем градостроительного развития территории района, а также проектов генеральных планов населенных пунктов;
      2) координирует деятельность по реализации утвержденной в установленном законодательством порядке комплексной схемы градостроительного планирования территории района (проекта районной планировки), генеральных планов населенных пунктов;
      3) обеспечивает государственный контроль за соблюдением норм законодательства об архитектурной и градостроительной деятельности, государственных нормативов и иной проектной документации при градостроительном освоении территории района, утвержденных в порядке, установленном законодательством;
      4) осуществляет контроль за реализацией проектов строительства в соответствии с утвержденной градостроительной документацией, соблюдением градостроительной дисциплины и правил застройки;
      5) взаимодействует с республиканскими и территориальными подразделениями государственной экспертизы проектов, департаментом государственного архитектурно-строительного и лицензирования, органами лицензирования по вопросам защиты государственных, общественных и частных интересов в сфере архитектурной и градостроительной деятельности;
      6) информирует население о планируемой застройке территории либо иных градостроительных изменениях;
      7) в порядке, установленном законодательством, осуществляет на территории района ведение государственного градостроительного кадастра базового уровня;
      8) предоставляет в установленном порядке данные Государственного градостроительного кадастра юридическим и физическим лицам;
      9) внедряет новые технологии в производство изделий для жилищно-гражданского строительного производства, различные виды материалов, изделий и конструкций;
      10) определяет состав и назначает комиссии по приемке объектов (комплексов) в эксплуатацию в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, а также регистрация и ведение учета объектов (комплексов), вводимых в эксплуатацию;
      11) организует конкурсы на разработку проектов планировки, застройки жилых и промышленных районов, архитектурных проектов отдельных зданий и сооружений, имеющих важное значение в планировочной структуре соответствующей территории;
      12) рассматривает заявления и обращения граждан и юридических лиц по вопросам осуществления градостроительной деятельности и принимает решения в пределах своей компетенции;
      13) осуществляет контроль за соблюдением законодательства Республики Казахстан и иных нормативных правовых актов по вопросам архитектуры и градостроительства в пределах своей компетенции;
      14) принимает меры по оптимизации и автоматизации процессов оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан по согласованию с уполномоченным органом в сфере информатизации;
      15) проводит внутренний контроль за качеством оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      16) обеспечивает доступность стандартов и регламентов государственных услуг;
      17) предоставляет доступ центрам обслуживания населения к информационным системам, содержащим необходимые для оказания государственных услуг сведения, если иное не предусмотрено законодательством Республики Казахстан;
      18) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      1) запрашивать от исполнительных районных органов и иных государственных и негосударственных структур необходимые документы и материалы по вопросам градостроительства для выполнения и осуществления функций, предусмотренных настоящим Положением;
      2) участвовать в разработке решений по вопросам проводимой в районе финансово-кредитной, инвестиционной, приватизационной, налоговой политики и в других случаях, влияющих на состояние Отдела;
      3) принимать в пределах своей компетенции решения по вопросам архитектурно-градостроительной деятельности на территории района;
      4) при осуществлении своих полномочий беспрепятственно посещать любые объекты строительства и стройиндустрии;
      5) вносить в установленном порядке в соответствующие органы, предложения о полном или частичном приостановлении финансирования и кредитования строек, выполняемых с нарушениями и отклонениями от утвержденной проектной документации, нормативных требований, представляющих угрозу жизни и здоровью людей, историческим и культурным ценностям, в том числе памятникам архитектуры и градостроительства, а также наносящих ущерб собственности, правам и интересам граждан республики и юридическим лицам;
      6) возбуждать перед соответствующими государственными органами вопросы о привлечении в установленном законом порядке к ответственности лиц, виновных в самовольном строительстве, в нарушении градостроительной дисциплины;
      7) выявлять и анализировать причины нарушений государственных нормативов и требований в области архитектуры и градостроительства на территории района;
      8) вносить предложение по совершенствованию работы в сфере архитектуры и градостроительства;
      9) контролировать соблюдение условий тендерных договоров с подрядчиками на строительство, реконструкцию и капитальный ремонт объектов жилья, инженерной инфраструктуры и благоустройства;
      10) проводить совещания по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      11) подготавливать проекты постановлений акимата и распоряжений акима района по вопросам архитектуры и градостроительства;
      12) рассматривать, проверять жалобы, обращения физических и юридических лиц по вопросам относящихся к ведению Отдела и принимать по ним соответствующие меры;
      13) контролировать деятельность местных служб, осуществляющих в установленные правилами застройки сроки подготовки материалов по предоставлению земельных участков, согласованию проектов, выдаче технических условий, оказанию услуг при строительстве, а также соблюдению норм, защищающих интересы индивидуальных застройщиков;
      14) участвовать в работе межведомственных комиссий, создавать рабочие группы по всем вопросам своей компетенции;
      15) отказаться от согласования проекты, не отвечающие нормативным архитектурно-градостроительным и экологическим требованиям;
      16) определять в каждом конкретном случае стадийность, состав и объем проектирования, необходимость разработки эскизных проектов, вариантного и конкурсного проектирования объектов имеющих важное архитектурное и градостроительное значение, целесообразность разработки индивидуальных и применение типовых проектов;
      17) осуществлять иные права, вытекающие из задач и функций, определенных в настоящем Положении, предоставленные ему действующим законодательством.

3. Организация деятельности Отдела

      17. Руководство Отдела осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций.
      18. Руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности акимом района.
      19. Полномочия руководителя Отдела:
      1) руководитель организует и осуществляет руководство работой Отдела, несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и функций, устанавливает степень ответственности и руководство отдельными направлениями деятельности Отдела;
      2) утверждает должностные инструкции и объем служебных полномочий работников Отдела в соответствии с занимаемыми ими должностями;
      3) в пределах своей компетенции издает приказы, инструкции и дает указания, обязательные для исполнения всеми сотрудниками Отдела;
      4) в соответствии с законодательством назначает на должность и освобождает от должности работников Отдела, в соответствии со штатным расписанием;
      5) вносит в установленном порядке на рассмотрение акима района проекты решений и распоряжений по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      6) организует и осуществляет контроль за исполнением документов, несет ответственность за их сохранность;
      7) в установленном законодательством порядке осуществляет поощрение сотрудников;
      8) в пределах своей компетенции представляет Отдел в государственных органах и организациях, в соответствии с действующим законодательством;
      9) без доверенности действует от имени Отдела;
      10) выдает доверенности от имени Отдела в пределах своей компетенции;
      11) открывает банковские счета;
      12) заключает договора;
      13) принимает решения по другим вопросам, отнесенным к его компетенции.
      Исполнение полномочий руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество Отдела

      20. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      21. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к коммунальной собственности.
      22. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Отдела

      23. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.