Ескерту. Қаулының орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 23.12.2014 N 797 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 23.12.2014 N 797 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. "Қызылорда облысы әкімінің аппараты", "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы", "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкiмдігінің 2014 жылғы 7 наурыздағы N 515 қаулысымен бекітілген |
"Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
Ескерту. Қосымшаның атауы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 23.12.2014 N 797 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу саласындағы функцияларды, сондай-ақ, облыс әкімдігімен айқындалатын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. Басқармаға қатысты субъект құқықтарын, коммуналдық меншік құқықтарын "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі іске асырады.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, 120003, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, құрылыс 1.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 23.12.2014 N 797 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы мемлекеттік сатып алуларды, сондай-ақ, облыс әкімдігімен айқындалатын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15. Негізгі міндеттері:
1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаржыны оңтайлы және тиімді жұмсау.
16. Функциялары:
1) тапсырыс беруші бекіткен немесе нақтылаған мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алулардың алдын ала жоспары) негізінде конкурс (ашық конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс), аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден алу тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру;
2) облыс әкімдігі айқындаған бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) әрбір конкурсқа немесе аукционға жеке конкурстық немесе аукциондық комиссияны бекіту және конкурстық немесе аукциондық комиссияның хатшысын айқындау;
4) қажет болған жағдайда әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекіту;
5) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін, сондай-ақ, конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, конкурс немесе аукцион жүргізудің шарттары мен тәртібін анықтау үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы қалыптастыру және оны тапсырыс берушімен келісу;
6) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушіге бекіту үшін ұсыну.
Мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын бекіту;
7) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауды ұйымдастыру;
8) конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ, конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын мемлекеттік сатып алулар веб-порталында орналастыру;
9) заңнамамен бекітілген тәртіпте бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң бiрнеше түрiн, бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi лоттарға бөлу арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуларды жүзеге асыру;
10) әлеуетті өнім берушінің банктік кепілдік түрінде қағаз тасығышта енгізген конкурсқа немесе аукционға қатысуды қамтамасыз етуін қабылдап алу фактісін банктік кепілдіктерді тіркеу журналына есепке алу;
11) заңнамамен көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушінің конкурсқа немесе аукционға қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтаруды жүзеге асыру;
12) заңнамамен көзделген жағдайларда конкурсқа немесе аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасын тиісті бюджет кірісіне жатқызылуы бойынша шаралар қолдану;
13) заңнамамен көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алулардың жеңімпазына мемлекеттік сатып алулардың веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жіберу;
14) заңнамамен көзделген жағдайларда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) Басқарма өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекiтiлген тәртiппен:
мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
Басқарма жұмысының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды облыс әкімдігінің және әкімінің қарауына енгізуге;
мемлекеттік органдарда, сотта Басқарманың мүддесін білдіруге;
өз құзыреті шегінде шарттар мен келісімдер жасасуға;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2) Басқарма:
жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. Басқарманың басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалып және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;
2) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда басқарманың мүддесін білдіреді;
3) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары бойынша оның құзыретіне жатқызылған басқарманың қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелеуді жүзеге асырады және қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттамасына қол қояды;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Басқарманы білдіреді;
8) шарттар жасайды;
9) сенімхаттар береді;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
11) басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
12) облыс әкімдігі мен әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындайды;
13) басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
14) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
15) қызмет этикасы нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
16) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Басқарманың жұмыс режимі:
1) Басқарма дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
2) Басқарманың жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс;
3) Басқарма сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
24. Басқарма мен облыс әкімдігі арасындағы, басқарманың әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
4. Басқарманың мүлкі
25. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. Басқармаға бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
28. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.