"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 515 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4631 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2014 жылғы 4 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіп, мемлекеттік тілдегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын;
аталған қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берілген "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.";
аталған қаулымен бекітілген "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесінде:
қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі";
9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, 120003, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, құрылыс 1.".
2. "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |