"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 қарашадағы № 49/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-1-197 нөмірімен тіркелген, "Ақмешіт Ақшамы" 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 51 (869-870), "Ел тілегі" 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 52 (209) газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күзтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.";
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық | |
мәслихатының кезекті | |
ХХХІV сессиясының төрайымы | Л. ҚОЖАНИЯЗОВА |
Қызылорда қалалық | |
мәслихатының хатшысы | И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ |