"Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 қарашадағы N 49/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі N 34/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 қазанда N 4783 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 сәуірдегі N 42/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 16.04.2015 N 42/6 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 қарашадағы № 49/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-1-197 нөмірімен тіркелген, "Ақмешіт Ақшамы" 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 51 (869-870), "Ел тілегі" 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 52 (209) газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күзтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.";
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда қалалық
      мәслихатының кезекті
      ХХХІV сессиясының төрайымы Л. ҚОЖАНИЯЗОВА
      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады