Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 қарашадағы № 49/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 желтоқсанда № 10-1-197 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 42/6 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 16.04.2015 № 42/6 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15)тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Салық кодексінің 378, 379, 381 және 383-баптарында белгіленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкасы 20 (жиырма) пайыз мөлшерінде жоғарылатып бекітілсін.
      2. Қызылорда қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсанындағы № 13/13 "Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 31 желтоқсанында 10-1-105 нөмірімен тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 4-5 (598-599) және "Кызылорда таймс" газетінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 3 (950) санды шығарылымдарында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күзтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда қалалық мәслихатының 26.09.2014 № 34/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХІХ
      сессиясының төрағасы М. КӘРІМБАЕВ
      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ
      КЕЛІСІЛДІ
      Қызылорда қаласы бойынша
      салық басқармасы бастығының
      міндетін атқарушы
      __________________Қ. Әбдреев
      "___"_______________2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады