Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 12.11.2018 № 237 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 03 қарашадағы кезектен тыс VІІІ сессиясының N 53 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4351 нөмірімен тіркелген, "Тұран Қазалы" газетінің 2012 жылғы 12 желтоқсанында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібіндегі 3-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазалы аудандық | |
мәслихатының кезектен тыс | |
XXVІІ сессиясының төрағасы | С. Ізбасов |
Қазалы аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Т. Бөріқұлақов |