"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 03 қарашадағы N 53 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы N 180 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 наурызда N 4613 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 237 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 12.11.2018 № 237 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 03 қарашадағы кезектен тыс VІІІ сессиясының N 53 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4351 нөмірімен тіркелген, "Тұран Қазалы" газетінің 2012 жылғы 12 желтоқсанында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібіндегі 3-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазалы аудандық


мәслихатының кезектен тыс


XXVІІ сессиясының төрағасы

С. Ізбасов

Қазалы аудандық


мәслихатының хатшысы

Т. Бөріқұлақов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады