"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 қарашадағы кезектен тыс 9-сессиясының N 64 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 13 желтоқсанында 4366 нөмерімен тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінде 2013 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ алынып тасталсын;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
1 адамға - 70 киловатт сағатына;
2 адамға - 140 киловатт сағатына;
3 адамға - 210 киловатт сағатына;
4 және одан да көп адамға - 250 киловатт сағатына.";
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының кезекті 28-сессиясының төрағасы | Ә. Дәуленбаев |
Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы | М. Наятұлы |