"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 19 қарашадағы N 64 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы N 186 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 шілдеде N 4733 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 қарашадағы кезектен тыс 9-сессиясының N 64 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 13 желтоқсанында 4366 нөмерімен тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінде 2013 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақ алынып тасталсын;

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

      1 адамға - 70 киловатт сағатына;

      2 адамға - 140 киловатт сағатына;

      3 адамға - 210 киловатт сағатына;

      4 және одан да көп адамға - 250 киловатт сағатына.";

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қармақшы аудандық

мәслихатының кезекті

28-сессиясының төрағасы

Ә. Дәуленбаев

Қармақшы аудандық

мәслихатының хатшысы

М. Наятұлы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады