Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидаларын бекіту туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 05 ақпандағы № 14/216 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2014 жылғы 05 наурызда № 2364 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.12.2023 № 8/92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1 тармаққа қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді, Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.12.2023 № 8/92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 6 мамырдағы № 14/179 "Маңғыстау облысының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесі туралы" шешімі жойылсын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Сәрсенбай
      Облыстық
      мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Маңғыстау облысының ішкі саясат

      басқармасы басшысының міндетін атқарушы

      Р. Жұмағалиева

      05 ақпан 2014 ж.

  Облыстық мәслихаттың
2014 жылғы 5 ақпандағы
№ 14/216 шешімімен бекітілген

Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидалары

      Ескерту. Қағиданың қазақ тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді, Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.12.2023 № 8/92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.12.2023 № 8/92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді және "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру тәртібін реттейді.

      2. "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) алдында ерекше сіңірген еңбектерін бағалауын:

      еңбек өтілі 20 жылдан кем емес, облыстың (қаланың, ауданның) экономика, ғылым және мәдениет, өнер, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларының дамуына қосқан зор үлесі үшін;

      заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қосқан зор үлесі үшін;

      облыста тұратын халықтар арасында ұлтаралық келісімді және қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуда қосқан зор үлесі үшін;

      ел ішінде және шет елде Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) беделін көтерудегі қосқан зор үлесі үшін;

      мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі, демократияның, жариялылықтың және әлеуметтік ілгерілеудің, рухани және зияткерлік әлеуеттің дамуындағы, бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі жетістіктері үшін;

      азаматтардың құқығын және заңды мүдделерін қорғау бойынша белсенді қызметі; бұл ретте жоғары беделге және облыс тұрғындарының құрметіне ие болған қайырымдылық қызметі және мейірімділігі қызметі үшін беріледі.

      3. "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына, сондай-ақ облыс аумағында тұрмайтын "Социалистік Еңбек Ері", "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған немесе Қазақстан Республикасының басқа да наградаларымен аталып өткен тұлғаларға беріледі.

2-тарау. Атақты беру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.12.2023 № 8/92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Алынып тасталды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 08.12.2016 № 6/67 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Алынып тасталды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.12.2023 № 8/92 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру туралы қолдаухатқа облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттар мен әкімдіктер, еңбек және шығармашылық ұжымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, жеке және заңды тұлғалар, өзге де ынталы топтар бастамашы болуы мүмкін.

      "Маңғыстау облысының Құрметті азаматы" атағын беруге ұсыну туралы қолдаухат қалалық, аудандық мәслихаттармен, қалалардың және аудандардың әкімдерімен қабылданады.

      Қолдаухатқа тиісті басшылармен қол қойылады.

      Қолдаухатта кандидаттың негізгі өмірбаян деректері, облыстың (қаланың, ауданның) алдында сіңірген еңбектері мен жетістіктері сипаттала отырып көрсетіледі.

      7. Қолдаухатқа тиісті негіздемелері мен мінездемелерін, растайтын құжаттарымен қоса отырып, кандидат туралы келесідей мәліметтер ұсынуы тиіс:

      1) кандидаттың өмірбаяны;

      2) 13х18 көлемдегі 2 данада фотосурет;

      3) кандидаттың марапаттау күні көрсетілген мемлекеттік және басқа да наградаларының тізімі және сіңірген еңбегі көрсетілген толықтай мінездемесі;

      4) кандидатурасын қолдаған кәсіпорындардың және мекемелердің еңбек ұжымдарының жалпы жиналысының, қоғамдық ұйымдардың, азаматтарының жиналысының хаттамасының немесе шешімінің түпнұсқасы.

      8. Қолдаухатпен және оған қоса берілген құжаттарымен бірге ұсыныс "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру мәселелерін қарау жөніндегі комиссияға жолданады.

      9. Атақ беру туралы өз кандидатурасын ұсынған тұлғалардан түскен қолдаухаттар қарастырылмайды.

      Бір ғана сол кандидатқа қолдаухат өкілді органның бір шақырылымы кезеңінде екі реттен артық енгізілмейді.

      9-1. "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар тұлғаларға берілмейді.

      Ескерту. Шешім 9-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.12.2023 № 8/92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.

      11. Дауыстар тең түскен жағдайда Комиссия төрағасының пікірі шешуші болып есептеледі.

      12. Комиссия шешімі ұсыныс сипатында болады және оның барлық мүшелерімен қол қойылған хаттамамен ресімделеді.

      13. Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдауы мүмкін:

      қолдаухат қанағаттандырылсын және атақ беру туралы тиісті мәслихатқа ұсыныс енгізуге облыстың (қаланың,ауданның) әкіміне ұсынылсын;

      қолдаухат қабылданбасын;

      құжаттардағы кемшіліктерді жою үшін қолдаухат кері қайтарылсын.

      14. "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысымен тиісті мәслихаттың шешімімен беріледі.

      15. Атақ беру туралы тиісті мәслихаттың шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

3-тарау. "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" куәлігінің сипаттамасы

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.12.2023 № 8/92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      16. "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" куәлігі қою көк түсті қатты қаптамадан жасалады, айқара ашылған күйдегі көлемі 6,5х18,5 сантиметр, куәліктің сыртқы бетінде облыстың эмблемасы бейнеленіп, "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" сөздері баспалық қаріппен мемлекеттік тілде жазылған.

      17. Куәліктің ішкі жағы көгілдір түсті, сол жағында "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" медалі бейнеленген, оң жағында куәлік нөмірі, тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, мәслихат шешімінің күні мен нөмірі және берілген күні көрсетіледі. Мәтіннің астында мәслихат төрағасының қолы орналастырылады және елтаңбалы мөрмен куәландырылады.

      Ескерту.17-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.12.2023 № 8/92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

4-тарау. "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" медалінің сипаттамасы

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.12.2023 № 8/92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18. "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" медалі төменгі температурада балқитын металл қорытпасынан дайындалады, алтын түсті жіңішке латунь қабатымен қапталған және екі элементтен тұрады. Жоғарғы бөлігі - қалыбы 22х26х20 мм мөлшерінде жылтыр сары түсті (латунь) металл шегімен жасалып, ортасына көгілдір түсті муар лентасы тартылған.

      Реверс-күңгірт аяда визорлы бекіткіші бар түйреуіш.

      Екінші бөлігі - дөңгелек пішінді диаметрі 32 мм алқа, негізі СрМ925 маркалы күміс қорытпасынан жасалған. Аверс - жылтырақ, астары алтындалмаған күн сәулелері, алтынданған жылтырақ әріптермен бедерлі "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" сөздері жазылған және ортасында ұлттық өрнек үстіне Маңғыстау облысының логотипі салынған.

5-тарау. Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматын тіркеу, куәлігі мен медалін табыс ету тәртібі

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.12.2023 № 8/92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19. Құрметті азаматы куәлігі мен медалі салтанатты түрде облыстың (қаланың, ауданның) әкімімен, облыстық (қалалық, аудандық) мәслихат төрағасымен қоғамдық іс-шараларда табыс етіледі.

      Ескерту.19-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.12.2023 № 8/92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      20. Құрметті азаматтардың есімдері, облыстық (қалалық, аудандық) өлкетану мұражайында сақталатын Құрмет кітабына хронологиялық тәртіпте енгізіледі.

      Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматының есімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте, жұртшылықтың ұсынысы бойынша қалалардың, кенттердің, ауылдардың көшелеріне берілуі мүмкін.

      21. Атақты беру, медальдарын мен куәліктерді дайындау, Құрмет кітабын күтіп ұстау мәселелері бойынша құжаттаманың жүргізілуі және есепке алынуы облыстық (қалалық, аудандық) бюджетің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

6-тарау. "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағынан айыру

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.12.2023 № 8/92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      22. "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматының" иегерлері атағынан, облыс әкімінің ұсынысы бойынша мына жағдайларда облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың шешімімен айрылады:

      1) жасаған қылмысы үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;

      2) жағымсыз қоғамдық пікір туғызған, атаққа нұқсан келтіретін әрекеттер жасағанда.

      23. "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағынан айырылған тұлға Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) "Құрметті азаматы" куәлігін және медалін облыстық (қалалық, аудандық) мәслихатқа қайтарады.

7-тарау. Қорытынды

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.12.2023 № 8/92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      24. Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматтары салтанатты жиналыстарға және аудандық, қалалық және облыстық мерекелік іс-шараларға құрметті қонақ ретінде қатыса алады.

Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)

Решение маслихата Мангистауской области от 05 февраля 2014 года № 14/216. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 05 марта 2014 года № 2364.

      Сноска. Заголовок решения в редакции решения Мангистауского областного маслихата от 28.12.2023 № 8/92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 12-2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года областной маслихат решил:

      1. Утвердить прилагаемые Правила присвоения звания "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)".

      Сноска. Пункт 1 в редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется, решением Мангистауского областного маслихата от 28.12.2023 № 8/92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Отменить решение областного маслихата от 6 мая 2009 года № 14/179 "О Правилах присвоения звания "Почетный гражданин Мангистауской области".

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Н. Сарсенбай
      Секретарь
      областного маслихата Б. Жусупов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Исполняющая обязанности руководителя

      управления внутренней политики

      Мангистауской области

      Р. Жумагалиева

      05 февраля 2014 г.

  Утверждено
решением областного маслихата
от 5 февраля 2014 года № 14/216
 

Правила
присвоения звания "Почетный гражданин Мангистауской области
(города, района)"

      Сноска. Заголовок в редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется, решением Мангистауского областного маслихата от 28.12.2023 № 8/92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции решения Мангистауского областного маслихата от 28.12.2023 № 8/92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила присвоения звания "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)" (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и регламентируют порядок присвоения звания "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)".

      2. Звание "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)" присваивается в знак признания особых заслуг перед Мангистауской областью (городом, районом):

      за большой вклад в развитие экономики, науки и культуры, искусства, образования, здравоохранения и социальной сферы области (города, района) со стажем работы не менее 20-ти лет в одной сфере;

      за большой вклад в обеспечение законности, общественного порядка;

      за большой вклад в укрепление межнационального согласия и общественной стабильности, мира, дружбы и сотрудничества между народами, населяющими область;

      за большой вклад в повышение имиджа Мангистауской области (города, района) в стране и за рубежом;

      за достижения в государственной и общественной деятельности, в развитии демократии, гласности и социального прогресса, духовного и интеллектуального потенциала, в бизнесе, творчестве, спорте, на государственной и военной службе;

      за активную деятельность по защите прав и законных интересов граждан; благотворительную деятельность и меценатство, при этом снискавшим высокий авторитет и уважение жителей области.

      3. Звание "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)" присваивается гражданам Республики Казахстан и иностранным гражданам, а также присваивается лицам, не проживающим на территории области, удостоенным звания "Герой Социалистического труда", "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ерi" или отмеченным другими наградами Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок присвоения звания

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции решения Мангистауского областного маслихата от 28.12.2023 № 8/92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. Исключен решением Мангистауского областного маслихата от 08.12.2016 № 6/67(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      5.Исключен решением Мангистауского областного маслихата от 28.12.2023 № 8/92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Ходатайство о присвоении звания "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)" могут инициировать областные, районные и городские маслихаты и акиматы, трудовые и творческие коллективы, общественные и религиозные объединения, физические и юридические лица, иные инициативные группы.

      Ходатайства о представлении к присвоению звания "Почетный гражданин Мангистауской области" принимаются городскими, районными маслихатами, акимами городов и районов.

      Ходатайство подписывается соответствующим руководителем.

      В ходатайстве указываются основные биографические данные кандидата, описание его достижений и заслуг перед областью (городом, районом).

      7. К ходатайству должны быть приложены с подтверждающими документами, с соответствующими обоснованиями и характеристикой, следующие данные о кандидате:

      1) автобиография кандидата;

      2) фотокарточки 13 х 18 = 2 штуки;

      3) подробная характеристика с указанием заслуг и списка государственных и иных наград с указанием даты награждения кандидата;

      4) оригинал протокола или решения общего собрания трудовых коллективов предприятий и учреждений, общественных организаций, собрания граждан, поддержавших кандидатуру.

      8. Представление вместе с ходатайством и прилагаемыми к нему документами направляются в комиссию по рассмотрению вопросов присуждения звания "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)".

      9. Ходатайства о присвоении звания, поступившие от лиц, выдвинувших свои кандидатуры, не рассматриваются.

      Ходатайства на одного и того же кандидата могут вноситься не более двух раз в период одного созыва представительного органа.

      9-1. Звание "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)" не присваивается лицам, имеющим не снятую или не погашенную судимость в установленном законодательством порядке.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 9-1 в соответствии с решением Мангистауского областного маслихата от 28.12.2023 № 8/92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Решение Комиссии принимается большинством голосов.

      11. В случае равенства голосов решающим считается мнение председателя Комиссии.

      12. Решение Комиссии носит рекомендательный характер и оформляется протоколом, который подписывается всеми ее членами.

      13. Комиссия может принять одно из следующих решений:

      удовлетворить ходатайство и рекомендовать акиму области (города, района) внести представление в соответствующий маслихат о присвоении звания;

      отклонить ходатайство;

      вернуть ходатайство для устранения недостатков в документах.

      14. Звание "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)" присваивается по представлению акима области (города, района) решением соответствующего маслихата.

      15. Решение соответствующего маслихата о присвоении звания публикуется в средствах массовой информации.

Глава 3. Описание удостоверения "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции решения Мангистауского областного маслихата от 28.12.2023 № 8/92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Удостоверение "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)" изготавливается из твердой обложки темно-синего цвета, в развернутом виде имеет размер 6,5х18,5 сантиметра, на лицевой стороне удостоверения изображена эмблема области, типографским шрифтом выполнена надпись на государственном языке "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы".

      17. Внутренняя сторона удостоверения голубого цвета, на левой стороне изображена медаль "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)", на правой стороне указывается номер удостоверения, фамилия, имя, отчество лица, дата и номер решения маслихата и дата выдачи. Под текстом располагается подпись председателя маслихата и заверяется гербовой печатью.

      Сноска. Пункт 17 в редакции решения Мангистауского областного маслихата от 28.12.2023 № 8/92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 4. Описание медали "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)

      Сноска. Заголовок главы 4 в редакции решения Мангистауского областного маслихата от 28.12.2023 № 8/92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. Медаль "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)", покрытая тонким слоем латуни золотистого цвета, изготавливается из низкотемпературного металлосплава и состоит из двух элементов. Верхняя часть – колодка размером 22х26х20 мм в виде металлической рамки с блестящей поверхностью желтого цвета (латунь), середина обтянута муаровой лентой голубого цвета.

      Реверс-булавка с визорным замком на матовом фоне.

      Вторая половина – подвеска круглой формы диметром 32 мм, основа которой сплав серебра СрМ925. Аверс – на блестящем фоне лучи без озолочения, выступающий золоченым рельефем текст "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" и изображение логотипа Мангистауской области над национальным узором.

Глава 5. Порядок регистрации, вручения удостоверения и медали Почетного гражданина Мангистауской области (города, района)

      Сноска. Заголовок главы 5 в редакции решения Мангистауского областного маслихата от 28.12.2023 № 8/92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      19. Удостоверение и медаль Почетного гражданина в торжественной обстановке вручаются акимом области (города, района), председателем областного (городского, районного) маслихата на общественных мероприятиях.

      Сноска. Пункт 19 в редакции решения Мангистауского областного маслихата от 28.12.2023 № 8/92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      20. Имена почетных граждан заносятся в Книгу Почета в хронологическом порядке, которая хранится в областном (городском, районном) краеведческом музее.

      Имя Почетного гражданина области (города, района), по предложению общественности, может присваиваться улицам городов, поселков и сел в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.

      21. Ведение документации и учета по вопросам присвоения Звания, изготовление медалей и удостоверений, содержание Книги Почета осуществляется за счет средств областного (городского, районного) бюджета.

Глава 6. Лишение звания "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)

      Сноска. Заголовок главы 6 в редакции решения Мангистауского областного маслихата от 28.12.2023 № 8/92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      22. Звания "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)" лишаются решением областного (городского, районного) маслихата обладатели, по представлению акима области, в случаях:

      1) вступления в законную силу обвинительного приговора суда за совершение преступления;

      2) совершения дискредитирующего поступка, вызвавшего негативный общественный резонанс.

      23. Лицо, лишенное звания "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)", возвращает в областной (городской, районный) маслихат удостоверение и нагрудной знак "Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)".

Глава 7. Заключение

      Сноска. Заголовок главы 7 в редакции решения Мангистауского областного маслихата от 28.12.2023 № 8/92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      24. Почетные граждане Мангистауской области (города, района) могут присутствовать в качестве почетных гостей на торжественных собраниях и праздничных районных, городских и областных мероприятиях.