Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 14/216 "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8/92 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 4661-12 болып тіркелді

      Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидалары туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 14/216 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2364 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидаларын бекіту туралы";

      қазақ тіліндегі 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидасында:

      қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидалары";

      1 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Атақты беру тәртібі";

      5 тармақ алып тасталсын;

      келесідей мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар тұлғаларға берілмейді.";

      3 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" куәлігінің сипаттамасы";

      17 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Куәліктің ішкі жағы көгілдір түсті, сол жағында "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" медалі бейнеленген, оң жағында куәлік нөмірі, тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, мәслихат шешімінің күні мен нөмірі және берілген күні көрсетіледі. Мәтіннің астында мәслихат төрағасының қолы орналастырылады және елтаңбалы мөрмен куәландырылады.";

      4 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" медалінің сипаттамасы";

      5 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматын тіркеу, куәлігі мен медалін табыс ету тәртібі";

      19 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "19. Құрметті азаматы куәлігі мен медалі салтанатты түрде облыстың (қаланың, ауданның) әкімімен, облыстық (қалалық, аудандық) мәслихат төрағасымен қоғамдық іс-шараларда табыс етіледі.";

      6 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағынан айыру";

      7 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Қорытынды".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж. Матаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады