РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 234/НҚ бұйрығымен бекітілген Тірек ауылдық елді мекендерді анықтау әдістемесінің 8-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі анықталсын.
2. "Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ж.Ұ. Ұланова) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Ұ. Ұланова
2014 жылғы 10 қараша
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қараша № 276 қаулысына қосымша |
Маңғыстау облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі
№ р/с | Аудан атауы | Ауылдық округтің атауы | Ауылдық елді мекеннің атауы | Халық саны, адам |
1 | Бейнеу | Боранқұл | Боранқұл ауылы | 6855 |
2 | Бейнеу | Ақжігіт | Ақжігіт ауылы | 2759 |
3 | Қарақия | | Жетібай ауылы | 12229 |
4 | Маңғыстау | Жыңғылды | Жыңғылды ауылы | 2387 |
5 | Маңғыстау | Өтес | Сайөтес ауылы | 2175 |
6 | Түпқараған | | Ақшұқыр ауылы | 7189 |