РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қаланың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қаланың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде, "Ақтау қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне алдағы үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жергілікті бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
3. "Ақтау қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Т. Ильясова) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е. Жаңбыршин |
Ақтау қаласы әкімдігінің 06 маусым 2014 жылғы № 824 қаулысына қосымша |
Қаланың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару НОРМАТИВІ
Қаланың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі бойынша былайша айқындалады:Таза табыс 3000 000 теңгеге дейін | Таза табыс сомасынан 5 пайыз |
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін | 150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз |
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін | 4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз |
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін | 34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз |
Таза табыс 500 000 001 теңгеден 100 000 000 теңгеге дейін | 97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз |
Таза табыс 1000 000 001 теңгеден және одан жоғары | 247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз |
"КЕЛІСІЛДІ":
"Ақтау қалалық жолаушылар
көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Б. Құбашев
06 маусым 2014 жыл
"Ақтау қалалық қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі басшысының м.а
Н. К. Курманбаева
06 маусым 2014 жыл
"Ақтау қалалық тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы және
тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С.К. Амангельдиев
06 маусым 2014 жыл