РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес, Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 02-06/9424 хатын орындауда, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 6/62 "Ақтау қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2159 болып тіркелген, 2012 жылғы 6 қазандағы №169 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Ақтау қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау" Қағидасында:
1 тармақ 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Маңғыстау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – ХҚКО);
8) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб- портал).";
8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8.Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) ХҚКО-на немесе веб-порталға өтінішпен жүгінеді және келесідей құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекен-жай анықтамасы не өтініш берушінің тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган ұсынған жалдау ақысының мөлшері туралы шот.";
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Тұрғын үй көмегі арыз берген айдан бір жыл мерзімге, тоқсан сайын табыстары және отбасы құрамының сол үйде тіркелгендігі туралы мәліметтерді ұсынуымен тағайындалады.";
15 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің төлемі тұрғын үй көмегін алушының арызы бойынша уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының, қызметтерді жеткізушілердің, кондоминиум нысандарын басқару органдарының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.".
2. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (С.Шудабаева).
4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихаттың хатшысы | М.Молдағұлов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтау қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г. Хайрлиева
2014 жылғы 24 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтау қалалық экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Ким
2014 жылғы 24 қараша