Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 07.07.2016 № 220 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес, Маңғыстау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Маңғыстау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын бекіту туралы" Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 10 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 6 ақпанда № 2215 болып тіркелген, аудандық "Жаңа өмір" газетінде 2013 жылы 13 ақпанда № 8 болып жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
"5-2) тармағына" деген сөздер "5-2) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Айтуаров |
"КЕЛІСІЛДІ":
"Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы
31.03.2014 ж